"Мен не болсам, болайын саған садақа..."
DOI:
https://doi.org/10.71078/dwv2tm93Түйін сөздер:
Алаш қозғалысы, Мағжан Жұмабаев, ұлт болашағы, Оян, қазақ!, Бақытсыз ЖамалАңдатпа
Мақалада Алаш қозғалысының көрнекті өкілдері, қазақ әдебиетінің ұлы тұлғалары Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатұлы және Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығына арналған маңызды ойлар мен тұжырымдар ұсынылған. Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері арқылы Алаш идеологиясының негіздері мен ақынның ұлт болашағына деген сенімін, сондай-ақ оның шығармашылық мұрасының рухани құндылығын көрсеткен. Әуезовтің Алаш арыстарына деген ықыласымен байланысты, ол Міржақып Дулатұлы мен Жүсіпбек Аймауытұлының шығармашылығын жоғары бағалағанын атап өту маңызды. Мақалада Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ!» өлеңі мен «Бақытсыз Жамал» романының қазақ әдебиетіне қосқан зор үлесі мен оның прозасындағы ұлттық мәселелерге арналып жазылған тақырыптар терең талданып, Алаш әдебиетінің дамуына қосқан үлесі көрсетілген. Мақалада сондай-ақ Міржақып Дулатұлының әдеби мұрасының қазіргі заманғы зерттеушілер мен әдебиетшілер тарапынан бағалануы, сондай-ақ қазақ әйелінің тағдырына арналған шығармаларының маңыздылығы сөз болады.
Әдебиеттер тізімі
-
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Қ. Әбдезұлы (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.