Гагауыз тілі – түркі әлеміндегі шағын, бірақ маңызды тіл

Авторлар

  • М.Б. Жукиева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Автор

DOI:

https://doi.org/10.71078/5snmhn48

Түйін сөздер:

гагауыз, гагауыз тілі, түркітектес елдер, тілдік ықпал

Аңдатпа

Гагауыздар – тарихи тағдыры күрделі, этникалық және мәдени тұрғыдан бай түркі халықтарының бірі. Гагауыз тілі – түркі тілдерінің оғыз тобына жататын, тарихи даму барысында әртүрлі тілдік және әлеуметтік факторлардың ықпалын бастан кешкен тіл. Олар негізінен Молдова Республикасының оңтүстігіндегі  Комрат  автономиялы аймағында тұрады. Өз отандарын Гагауыз Йери деп атайды. Сонымен қатар гагауыздар Украина, Болгария, Түркия, Қазақстан  және Ресей жерлерінде де шашыраңқы орналасқан. Гагауыздар христиан дінін ұстанатын түркі тектес халық ретінде де ерекшеленеді.

Мақалада гагауыз халқының тарихы, тілі, мәдениеті мен әдебиетіне шолу жасалады. Гагауыз тілі молдаван, румын тілдерінің әсеріне ұшыраса да түркі тілдеріне тән агглютинативтік жүйені сақтай алған. Гагауыз мәдениеті, діні, салт-дәстүріндегі ерекшеліктері «Sarmısak günü» т.б. мысалдармен көрсетіледі. Зерттеушілер Н.З. Гаджиев, В.А. Мошков, Е.С. Сорочяну т.б. еңбектеріндегі пікірлері негізінде түркітектес сөздер гагауыз тілінде көптеп сақталып, әлі күнге дейін қолданыста екендігі, қазіргі жастар тіліндегі кірме сөздерге анализ жасалады.

Автор туралы мәлімет

  • М.Б. Жукиева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    докторант

Әдебиеттер тізімі

Гаджиев, Н.З. (1990). Тюркские языки. Москва.

Сорочяну, Е.С. (2003). Хлебомучные изделия в повседневной жизни гагаузов. Алтай Аманжолов және оның түркітанудағы әлемі: II Халықаралық Аманжолов оқулары форумы материалдар жинағы.

Тукан, Б.П. (1972). Письменность гагаузского языка. В Вопросы совершенствования алфавитов тюркских языков СССР (59 c.). Москва.

Түркі тілдері: Ұжымдық монография. (2015). Астана. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы. РМҚК.

Ciachir, M. (2000). Gagauzii: Istorie, tradiţii, cultură. Chişinău.

Menz, A. (1999). A grammar of Gagauz (Turkic language of Moldova). Wiesbaden. Harrassowitz Verlag.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-26

Журналдың саны

Бөлім

Түркітану