М. Қашқаридің «Диуани лұғат-ит-түрк» еңбегіндегі есімшелер және олардың адъективтенген, заттанған тұлғалары

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.71078/5t0gk870

Түйін сөздер:

М.Қашқари, «Диуани лұғат-ит-түрк», етістік, есімше, адъективация, субстантивация, сөзжасам

Аңдатпа

Қазақ тілінің қалыптасып, даму тарихын зерттеуде көне, орта түркі ескерткіштерінің алатын орны ерекше. М. Қашқаридің «Диуани лұғат-ит-түрк» еңбегіндегі тілдік тұлғаларды зерттеу, зерделеу – бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі. Бұл еңбек әдебиет, тарих төңірегінде кеңінен зерттелгенімен, лингвистикалық, қазақ тіл білімі теориясы тұрғысынан толық зерттеліп болған жоқ. Сондықтан бүгінгі мақаламызда М. Қашқари «Сөздігіндегі» есімшелер және олардың адъективтенген, заттанған тұлғалары талданды. Бұл тақырып қазақ тіл білімінде алғаш рет сөз болып отыр. Мақаланың негізгі мақсаты – орта түркі жазба ескерткіші саналатын М. Қашқаридің «Сөздігіндегі» есімшелерге тоқталып, олардың заттық, сындық мәнін, қолданыста берілу жолдарын анықтау. Осы мақсатқа жету жолында мақалада ХІ ғасырда қолданысқа түскен есімшелер тобы тарихи грамматика негізінде жүйеленіп, предикаттық және атрибуттық мәндері анықталды.

Автор туралы мәлімет

  • А.О. Ақжігітова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    PhD докторант

Әдебиеттер тізімі

1. Қашқари М. Түрік сөздігі. 1- том/Аударған А.Егеубаев. – Алматы: Арда, 2017. – 592 б.

2. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. – 2-бас. – Алматы : Мектеп, 1988. - 264 б.

3. Шағырова Б.Д. М.Қашқаридің «Диуани лұғат-ит-түрк» еңбегіндегі және қазіргі қазақ тіліндегі етістік категориясы: Филология ғыл.канд.диссерт. – Алматы, 2004. – 143 б.

4. Есенқұлов А. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі қосымшалар. Қазақ ССР Ғылым академиясы; Тіл білімі институты. – Алматы, 1976. – 239 б.

5. Сарбалаев Ж. Қазіргі қазақ тіліндегі конверсиялық тәсіл және адъективация. Монография. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2013. – 224 б.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-09

Журналдың саны

Бөлім

Қазақ тіл білімі

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 19

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.