Қазіргі қазақ прозасының поэтикасы: тенденциялар мен бағыттар
DOI:
https://doi.org/10.71078/jkwegt16Түйін сөздер:
қазақ прозасы, поэтика, нарратив, баяндау құрылымы, мифопоэтика, постмодернизм, әдеби үдерісАңдатпа
Мақалада қазіргі қазақ прозасының поэтикалық ерекшеліктері, оның негізгі даму тенденциялары мен көркемдік бағыттары жан-жақты қарастырылады. Зерттеу нысаны ретінде тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ прозасының үлгілері алынып, олардың баяндау құрылымы, нарративтік стратегиялары және көркемдік жүйесі талданады. Жұмыста қазіргі прозадағы дәстүрлі реалистік баяндау үлгілерінің сақтала отырып, модернистік және постмодернистік поэтиканың (интермәтінділік, фрагментарлық, ирония) элементтерімен толықтырылуы, көркем мәтіннің құрылымдық күрделенуі мен көпқабатты сипаты айқындалады. Сонымен қатар фрагментарлық баяндау, уақыт пен кеңістіктің шартты берілуі, көпдауысты құрылым, ішкі монолог пен жанама дискурс формаларының белсенді қолданылуы қазіргі қазақ прозасының маңызды поэтикалық белгілері ретінде қарастырылады.
Мақалада мифопоэтикалық құрылымдардың жаңаша интерпретациялануы, архетиптік бейнелердің көркеммәтіндегі қызметі және интермәтіндік байланыстардың көрінісі талданып, олардың ұлттық әдебиеттің жаңаруындағы рөлі анықталады. Жекелеген шығармаларды талдау арқылы қазіргі қазақ прозасының көркемдік ізденістері, авторлық баяндау жүйесінің ерекшеліктері мен кейіпкер табиғатын ашудағы нарративтік тәсілдердің қызметі сараланады. Сонымен бірге қазіргі прозадағы жанрлық трансформациялар мен көркемдік эксперименттердің әдеби үдерістегі орны айқындалады.
Зерттеу нәтижесінде қазіргі қазақ прозасының поэтикасы дәстүр мен жаңашылдықтың сабақтастығында дамып, ұлттық әдебиеттің сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтерілгені дәлелденеді.
Әдебиеттер тізімі
Алтаева, Г.А., Қалымбетова Н.П. (2014). Қазақ анималистік әңгімесінің дискретті композициясы (1960–1970 жж.) European Researcher, 3-1 (70), 527-531. https://doi.org/10.13187/issn.2219-8229 DOI: https://doi.org/10.13187/issn.2219-8229
Алтай, А. (2013). Киллер сауысқан: повестер мен әңгімелер. Алматы: Арда+7.
Барт, Р. (1989). Введение в структурный анализ повествовательных текстов. Избранные работы: Семиотика. Поэтика. Москва: Прогресс.
Бахтин М.М. (1979). Эстетика словесного творчества. Москва: Искусство.
Бунин, И.А. (2013). Легкое дыхание. Москва: Эксмо.
Есембеков, Т.У. (2023). Көркем мәтін теориясы мен поэтикасы. Алматы: Қазақ университеті.
Жарылғапов, Ж. (2009). Қазақ прозасы: ағымдар мен әдістер. Қарағанды: Гласир.
Кемелбаева, А. (2024). Таңдамалы: әңгімелер, повестер. Астана: Фолиант.
Қирабаев, С. (2013). Тәуелсіздік және әдебиет. Классикалық зерттеулер: көп томдық. Алматы: Әдебиет әлемі.
Лотман, Ю.М. (1970). Структура художественного текста. Москва: Искусство.
Майтанов, Б. (2011). «Абай жолы» және тәуелсіздік рухы. Ақиқат, 3, 31-35.
Мұқанова, Р. (2008). Шатыр астындағы Мен. Алматы: Жазушы.
Мұртаза, Ш. (2006). Бойтұмар. Алматы: Раритет.
Нұрғалиев, Р. (1986). Телағыс. Әдеби дәстүр мен әдеби даму. Алматы: Жазушы.
Орда, Г. (2007). Көркем ойдың құдіреті: зерттеулер мен мақалалар. Алматы: КИЕ лингвоелтану инновациялық орталығы.
Смағұлова, Н. (2010). Тәуелсіздік жылдарындағы әдебиет жайлы не білеміз? http://lib.nkzu.kz/Library/
Тәуелсіздік тудырған романдар (2012). Астана: Мастер-ПО.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 А. Жорашова, М. Арслан (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.