Қазақтілді интернет-ресурстардың функционалды-мазмұндық классификациясы

Авторлар

  • Ш.Қ. Әли Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Автор
  • Қ.Т. Мұхамади Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Автор https://orcid.org/0009-0005-9639-2938

DOI:

https://doi.org/10.71078/kwy5t932

Түйін сөздер:

интернет-ресурс, Казнет, функционалды-мазмұндық жіктеу, қазақтілді контент, цифрлық коммуникация

Аңдатпа

Мақалада қазіргі цифрлық дәуірдегі қазақтілді интернет-ресурстардың мазмұндық және функционалдық типологиясы ғылыми тұрғыдан жан-жақты талданған. Зерттеудің өзектілігі интернет кеңістігінің тілдік қатынастың жаңа коммуникативтік алаңына айналуымен және қазақ тілінің цифрлық ортадағы қызмет етуінің жүйелі зерттелмеуімен айқындалады. Автор ақпараттық ресурс пен интернет-ресурс ұғымдарының аражігін ашып, олардың заңнамалық және теориялық анықтамаларына шолу жасайды. Мақалада отандық және шетелдік ғалымдардың (Я. Засурский, А. Калмыков, Л. Коханова, Х. Зинс және т.б.) классификациялық модельдері негізге алына отырып, Қазақстанның цифрлық медиа-ландшафтын сипаттайтын интеграциялық жіктеу тәсілі ұсынылған. Зерттеу барысында Similarweb және Zero.kz аналитикалық платформаларының мәліметтері негізінде Казнеттің төрт негізгі функционалдық тобы (ақпараттық-медиа, коммуникативтік, коммерциялық және білім беру ресурстары) бойынша ең ықпалды 40-қа жуық веб-ресурсқа мазмұндық талдау жасалған. Сонымен қатар пайдаланушылардың қатысу деңгейі (пассивті, активті, интерактивті) мен ресурстардың технологиялық құрылымы (статикалық, динамикалық, платформалық) жекелей қарастырылған. Зерттеу нәтижесінде қазақтілді интернет сегментінің құрылымдық ерекшеліктері айқындалып, ұлттық контенттің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтудің маңыздылығы дәйектелген. Бұл жұмыс филологиялық және медиа-лингвистикалық зерттеулер үшін маңызды эмпирикалық база болып табылады.

Автор туралы мәлімет

  • Ш.Қ. Әли, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    7M02326 – Цифрлық қазақ тілі мамандығының магистранты

  • Қ.Т. Мұхамади, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Әдебиеттер тізімі

Егемен Қазақстан. (2023). Білімді цифрландыру – уақыт талабы. https://egemen.kz/article/341502-bilimdi-tsifrlandyru-–-uaqyt-talaby (қаралған күні: 17.03.2026).

Засурский, И. И. (2003). Интернет как среда массовой коммуникации и новые формы медиапространства. В: Масс-медиа второй республики. Москва: МГУ.

Засурский, И. И. (2004). Интернет как новая медиасреда. Москва: Издательство Московского университета.

Засурский, Я. Н. (2001). Интернет и журналистика. Москва: Аспект Пресс.

Калмыков, А. А., & Коханова, Л. А. (2005). Интернет-журналистика. Москва: ЮНИТИ.

Қазақстан Республикасының Заңы. (2015, 24 қараша). Ақпараттандыру туралы № 418-V ҚРЗ. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1500000418 (қаралған күні: 22.03.2026).

Құсайынов, А. Қ. (2002). Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Алматы: Мектеп.

Омелин, М. В. (2003). Типология интернет-ресурсов. Москва.

Castells, M. (2001). The Internet galaxy: Reflections on the Internet, business, and society. Oxford: Oxford University Press.

DataReportal. (2025). Digital 2025: Kazakhstan. https://datareportal.com/reports/digital-2025-kazakhstan (қаралған күні: 17.03.2026).

Flew, T. (2008). New media: An introduction. Oxford: Oxford University Press.

Nielsen, J. (2006). Participation inequality: The 90–9–1 rule for online communities.

Ranking.kz (2025). Қазақстандағы электрондық сауда нарығы: негізгі трендтер мен көрсеткіштер. https://ranking.kz/reviews/promyshlennost/rynok-elektronnoj-torgovli-v-rk-itogi-goda.html (қаралған күні: 17.03.2026).

Rivera, G., & Cox, A. (2016). Practice-based approach to understanding participation in online communities. Journal of Computer-Mediated Communication.

Similarweb (2026). Website traffic and performance analytics. https://www.similarweb.com (қаралған күні: 17.03.2026).

Takahashi, M., Fujimoto, M., & Yamasaki, N. (2003). Lurkers and participation in online communities. In Proceedings of the ACM SIGGROUP Conference.

Wang, X., Yu, C., & Wei, Y. (2013). Social media peer communication and impacts on user participation. Information & Management.

Zero.kz (2026). Интернет-ресурстар рейтингі және статистикалық мониторинг жүйесі. https://zero.kz (қаралған күні: 17.03.2026).

Zins, H. (2002). Models for classifying Internet resources. Knowledge Organization, 29(1), 20–28.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-04-04

Журналдың саны

Бөлім

Қазақ тіл білімі

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 13

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.