Тарихи романдағы хронотоп және көркем уақыттың репрезентациясы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.71078/1dpkfs54

Түйін сөздер:

хронотоп, темпоралдық құрылым, уақыт категориясы, тарихи шындық, тарихи факт

Аңдатпа

Мақалада қазақ тарихи прозасындағы көркем уақыт категориясының берілу ерекшеліктері қарастырылады. Зерттеу нысаны ретінде Қ. Жұмаділовтің «Дарабоз», Ж. Ахмадидің «Есенгелді би», Д. Қаңбақовтың «Қазақ ханы Абылай» тарихи романдары алынып, олардың хронотоптық құрылымындағы уақыттың қызметі сараланады. Тарихи уақыт пен көркем уақыттың арақатынасы, тарихи даталардың, халықтық жыл санау жүйесінің, жыл мезгілдері мен табиғи-циклдік уақыттың көркемдік репрезентациясы талданады. Сонымен қатар шығармадағы уақыттың физикалық, концептуалдық, перцептуалдық және оқиғалық түрлерінің көрінісі айқындалады. Тарихи дерек пен көркемдік қиялдың сабақтастығы, авторлық уақыт пен тарихи шындықтың арақатынасы қарастырылады. Зерттеу барысында тарихи даталарды нақты көрсету жазушының тарихи фактіге деген жауапкершілігін танытып қана қоймай, шығарманың тарихи-танымдық және көркемдік құндылығын арттыратыны анықталады. Көркем уақыттың шығарма композициясын ұйымдастырудағы, тарихи оқиғалардың динамикасын танытудағы және кейіпкерлер тағдырын тарихи кеңістікпен сабақтастырудағы қызметі айқындалады. Нәтижесінде тарихи романдағы уақыт категориясы тарихи шындықты көркем игерудің маңызды құрылымдық-семантикалық тетігі ретінде бағаланады.

Автор туралы мәлімет

  • А. Дәлелбекқызы, Қазақ ұлттық спорт университеті

    PhD, қауымдастырылған профессор

Әдебиеттер тізімі

Абылай хан. Энциклопедия. (2013). Бас ред. Б.Ө. Жақып. Алматы: Қазақ энциклопедиясы.

Алпысбаев, Қ. (2008). Қазақ әдебиетіндегі тарихи шығарма: таным мен көркемдік. Алматы: Таймас.

Ахмади, Ж. (2004). Есенгелді би: Тарихи роман. Алматы: Ана тілі.

Бровман, Г. (1966). Проблемы и герои современной прозы. Москва: Художественная литература.

Жарылғапов, Ж.Ж. (2003). XX ғасыр соңындағы қазақ прозасының идеялық-эстетикалық мәселелер: Оқу құралы. Қарағанды: ҚарМУ баспасы.

Жұмаділов, Қ. (2005). Он екі томдық шығармалар жинағы. Т. 8. Алматы: Қазығұрт.

Жұмаділов, Қ. (2005). Он екі томдық шығармалар жинағы. Т. 9. Алматы: Қазығұрт.

Қазақ романы: өткені мен бүгіні. (2009). Ұжымдық монография. Алматы: Алматы баспа үйі.

Савельева, И.М., Полетаев, А.В. (1997). История и время. Москва: Языки русской культуры.

Серікқалиев, З., Серікқалиева, Э. (1976). Ақыл таразысы. Алматы: Жазушы.

Тимофеев, Л.И. (1963). Основы теории литературы. Москва: Государственное учебно-педагогическое издательство Министерства Просвещения РСФСР.

Тілешов, Е. (2016). Қайнар. Мақалалар, сұхбаттар. Алматы: ЖК Айдаргазин Е.С.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-10-20

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану

Ұқсас мақалалар

11-20 тен 56

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.