Қ. Сәтбаевтың «Алгебра» оқулығындағы есім сөздердің ғылыми ұғымды қалыптастырудағы қызметі
DOI:
https://doi.org/10.71078/wvbnq681Түйін сөздер:
Қаныш Сәтбаев, «Алгебра» оқулығы, математикалық дискурс, есім сөздерАңдатпа
Қазақ тіліндегі алғашқы пәндік оқулықтар ғылыми ұғымдардың берілуін, олардың жазба дискурстағы рөлін зерттеуге мүмкіндік береді. Мақаланың мақсаты – Қ.Сәтбаевтың «Алгебра» оқулығындағы зат есім, сын есім, сан есім және есімдіктің математикалық ұғымды қалыптастыру мен түсіндірудегі қызметін анықтау. Зерттеу материалы ретінде оқулықтағы анықтамалардан, ережелерден, есеп шарттары мен шешу жолдарынан алынған мысалдар пайдаланылды. Олар сипаттамалы, семантикалық, сөзжасамдық, контекстік және салыстырмалы әдістер арқылы сапалық тұрғыдан талданды. Қорытындылар іріктелген мысалдардың сапалық талдауына сүйенеді, мақалада сөз таптарының оқулықтағы жиілігі арнайы зерттелген жоқ.
Зертеу нәтижесінде зат есімдердің математикалық нысандарды, амалдар мен олардың нәтижелерін атайтынын, ал көптік, тәуелдік және септік тұлғалары ұғымдар арасындағы қатынасты нақтылайтынын көрсетті. Сын есімдер нысандарды белгісіне қарай жіктеп, салыстыру қатынасын білдіреді. Сан есімдер мөлшерді, өрнектің құрамын және реттілікті анықтайды. Есімдіктер бұрын сипатталған нысанға немесе шартқа сілтеп, оны кейінгі түсіндірумен байланыстырады. Бір, белгісіз, екіден, өзі секілді тұлғалардың математикалық мәні нақты мәтіндік қолданысына қарай өзгеретіні көрсетілді. Зерттеудің ғылыми үлесі – есім сөздердің қызметін жеке терминдер деңгейінде емес, оқу мәтіндегі математикалық пайымдаудың құрамында өзара байланыста сипаттауы. Нәтижелер қазақ ғылыми тілінің тарихын зерттеуге, тарихи математикалық атауларға түсіндірме дайындауға және пәндік мәтіннің тілдік құрылымын оқытуға негіз бола алады.
Әдебиеттер тізімі
Амирова, Ж.Ғ. (2021). Көркем мәтіндегі есімдіктердің дейктикалық қызметі және аударма мәселелері. Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы, 62(3), 75–85. https://doi.org/10.48371/PHILS.2021.62.3.008 DOI: https://doi.org/10.48371/PHILS.2021.62.3.008
Ахметова, М.К. (2007). Есімдіктердің мәтінтүзімдік қызметі. ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, № 5(104), 51–54.
Ахметова, М.К. (2008). Мәтін лингвистикасы: Оқу-әдістемелік құрал. Ағартушы.
Biber, D., & Gray, B. (2010). Challenging stereotypes about academic writing: Complexity, elaboration, explicitness. Journal of English for Academic Purposes, 9(1), 2–20. https://doi.org/10.1016/j.jeap.2010.01.001 DOI: https://doi.org/10.1016/j.jeap.2010.01.001
Жуынтаева, З.Н. (2014). Сөз таптарының мәтінтүзімдік сипаты: Монография. Tengri. 154 б.
Жұбай, О., & Үдербаев, А. (2025). ХХ ғасырдың басында қазақ тіліндегі математика ғылымының қалыптасып, дамуы. Құтты білік, 2(3), 72–85. https://doi.org/10.71078/kpt47t16 DOI: https://doi.org/10.71078/kpt47t16
Жұбай, О., Үдербаев, А., Әбсаттар, Ә., & Демесинова, Ж. (2025). Қазақ тіліндегі ғылыми терминологияның когнитивтік және ақпараттық негіздері (Қ. Сәтбаевтың «Алгебра» оқулығы негізінде). ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, 200 (4), 62–77. https://doi.org/10.26577/EJPh202520045 DOI: https://doi.org/10.26577/EJPh202520045
Martin, J.R., & Rose, D. (2007). Working with discourse: Meaning beyond the clause (2nd ed.). Continuum.
Өмірзақова, А.К., Жақсылықова, К.Б., & Үдербаев, А.Ж. (2025). Қ. Сәтбаев оқу мәтініндегі қазақ өлшем атауларының этнолингвистикалық репрезентациясы. Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы. Филология сериясы, № 4, 133–143.
Omurzakova, A.K., Uderbayev, A.Zh., Amralinova, B.B., Zhaksylikova, K.B., & Quttimuratova, I.A. (2026). National cognition in K. Satbayev’s work: Linguocultural and cognitive aspects (based on “Algebra” textbook). Journal of Educational and Social Research, 16(3), 228–237. https://doi.org/10.36941/jesr-2026-0329 DOI: https://doi.org/10.36941/jesr-2026-0329
Сәтбаев, Қ.И. (2024). Шығармалар жинағы: 10 томдық. 10-том: Алгебра. ҚазҰТЗУ. 548 б.
Strohmaier, A.R., Albrecht, I., Schmitz, A., Kuhl, P., & Leiss, D. (2023). Which potential linguistic challenges do pre-service teachers identify in a mathematical expository text? Journal für Mathematik-Didaktik, 44(2), 295–324. https://doi.org/10.1007/s13138-023-00220-6 DOI: https://doi.org/10.1007/s13138-023-00220-6
Halliday, M.A. K., & Hasan, R. (1976). Cohesion in English. Longman.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 А.К. Өмірзақова (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.