Махмұт Қашқаридың «Түркі тілдерінің сөздігіндегі» түрік халықтарының әдеп, адамгершілік қасиеттері туралы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.71078/a89mdt08

Түйін сөздер:

Түрік тілдерінің сөздігі, этикет, адамгершілік, ізгілік, түрік тілі, А. Егеубаев, философиялық еңбек

Аңдатпа

Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат ит-түрк» еңбегі – түрік халықтарының ортақ қазынасы әрі туыстас елдердің классикалық мұрасы. Мақалада осы еңбекті зерттеген, жан-жақты саралаған шетелдік және қазақ ғалымдары аталып, сөздік жайында сындарлы пікірлері ұсынылған. Ғұлама ғалым Әл-Фараби айтып кеткен «Ізгі қоғамның» іргетасын қалауда «Түркі сөздігінде» берілген өсиеттердің маңызы зор, сол қоғамның алғашқы баспалдағына пара-пар. «Сөздікке» екі жүзден астам өлең, үш жүзге тарта мақал-мәтелдер, қанатты сөздер мен теңеулер енген. Негізгі бөлімде Махмұт Қашқаридың «Түркі тілдерінің сөздігіндегі» түрік халықтарының әдеп, адамгершілік қасиеттері туралы 40-тан аса нақыл сөздері, өлең тармақтары талдауға алынды. Мақалада халық арасында жиі қолданылатын мақалдар мен тілдік қолданыстардың Қашқари еңбегіндегі нақыл сөздерден айырмашылығы жан- жақты зерттеліп, талданды. Өзара ұқсас қолданыстар салыстырылып, мағыналары айқындалды. “Диуани лұғат ит-түрк” – бүкіл әлемдегі түркі тілдес халықтардың бәріне бірдей ортақ асыл қазына, педагогикалық мәні бар тілдік, әдеби, тарихи тұрғыдан бай мұра, өте құнды жәдігер.

Әдебиеттер тізімі

1. Кононов А.Н. Махмуд Кашгарский и его “Дивану лугат ат-турк”. //Советская тюркология, №1, 1972. С. 3-17

2. Баскаков Н.А. Тюркские языки. М. 1960, С. 3-18.

3. Бартольд В.В. Сочинения, Т.V. - М.: 1968, С.191-192.

4. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. М.-Л., 1951. 175с.

5. Халидов А.Б. Словари Исхака аль-Фараби и Махмуда аль-Кашгари (из истории лексикографии в Средней Азии Х-ХІ вв.). В сб.: Письменные памятники и проблемы истории культуры народов Востока. ХХІ годичная научная сессия ЛО ИВ АН СССР, 1987, 50 с.

6. Махмұд Қашқари. Түбі бір түркі тілі («Диуани луғат ит-турк»)-Алматы, «Ана тілі», 1993.- 192 бет.

7. Махмұт Қашқари. Түркі тілінің сөздігі: (Диуани лұғат-ит-түрік): 3 томдық шығармалар жинағы / Қазақ тіліне аударған, алғы сөзі мен ғылыми түсініктерін жазған А. Егеубай. - Алматы: ХАНТ, 600 бет.

8. Мусабаев Г.Г. Некоторые сведения о жизни Махмуда Кашгари // Исследование по тюркологии. Алма-Ата, 1969, С. 48-62

9. Томанов М. Махмұд Қашқари // Кітапта: Орта Азия мен Қазақстанның ұлы ғалымдары (ІХ-ХІХ ғ.), Алма-Ата, 1964, 153-166 б.

10. Өміралиев Қ. VIII-XII ғасырлардағы көне түркі әдеби ескерткіштері. Алматы, 1985, 45-96 б.

11. Суюншалиев Х. Становление и развитие казахской литературы с раннего периода до конца ХІХ в. Автореф. дис. докт. Алма-Ата, 1969, 48с

12. Құрышжанов А.К. Махмұд Қашғари шығармасының зерттелу тарихынан. // Труды института языкознания АН КазССР, Т. 3, Алма-Ата, 1963, 320 с.

13.Кәкішев Т. Көне дәуірдегі сыншыл ойлар // Жұлдыз, № 2, 1993, 191 б.

14. Әлжанов М.К. Қазақ даласының ойшылдары. Алматы, 1994, 70-86 б.

15. Келімбетов Н. Диуани лұғат ат-түрк. Алматы, 2001.

16. Калиева К.М. Махмұд Қашғаридың педагогикалық идеялары. Пед. ғылымд. канд. диссертация. Жетекшісі: Қ.Б. Жарықбаев. Алматы, 2003, 133 б.

17. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011.

18. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі; ред. басқ. І. К. Кеңесбаев; құраст.: Ш. Ахметова [ж.б.]; Қазақ ССР Ғылым академиясы, Тіл білімі ин-ты.- Алматы: Ғылым , 1961.

19. Қорқыт ата кітабы / Түрік тілінен аудар. Б.Ысқақов. - Алматы: Жазушы, 1994. - 160 б.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-09

Журналдың саны

Бөлім

Тіл мен әдебиетті оқыту әдістемесі

Ұқсас мақалалар

11-20 тен 35

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.