Абай мен Бауыржан: ұлттық болмыстың екі қыры – ойшылдық пен батырлық
DOI:
https://doi.org/10.71078/5t6cyk50Түйін сөздер:
тұлға, көзқарас, адам, батырлық, ізгілік, әділет, мемлекет, әскерАңдатпа
Қазақ руханиятының шамшырағында бірі жарқырап сәуле шашса, екіншісі сол сәуледен тараған тұлғалар – Абай мен Б.Момышұлы арасындағы сабақтастық қарастырылды. Қазақ әлемінің сыни ойлау дүниесінен орын алған азаматтар әлемді тану тұрғысынан ұлтының тілдік тұлғалары деп танылды. Абай ХІХ ғасырға дейінгі қазақтың дүниетанымына талғаммен сыни баға берді. Б.Момышұлы Абайдан басталған сыни пікірлерді ұлттық тұрғыда қарастырды. Абай таныған қазақ мінезі мен болмысына сын тұрғысынан қараған. Оның ойлары Абайдың мінезді түзеу, әділетке бас ию, адамзатты сүю ойларымен үндеседі.
ХХ ғасырда дүлей соғысты көзімен көріп, санасынан өткізген Батыр бағалаушылық, әлемнің тілдік бейнесін қалыптастырудағы Абай арқылы өрістеген сөздердің метафоралық, экспрессивтік, образдық мәнін тұтастырушы тілдік тұлға деп сараланды.
Абай ілімі адамгершілік пен ізгіліктің бастауы, адамның ісі мен әрекетіне баға берушілік, адамның орны туралы көзқарастары кезінде Алаш азаматтарын да қызықтырып, білім мен ғылымның әр саласына зерттеу бастатқан. Б.Момышұлы да соғыста адам мен оның өмірі, қазақ елінің болашағы туралы елге хат жазып, мемлекеттің тәуелсіздігі үшін жеке құрамда әскер жабдықтау ойы болған. Осы идеяның туындауына өз елінің биліктегі азаматтарының қарсы шығуы соғыстан соң Батырдың бейбіт өмірде қарсылық көрсетуі оның шығармашылығы арқылы жүзеге асты. Алаш азаматтарының мемлекеттің іргесінің беріктігіне жеке құрамда әскері болуы қажет деген идеясын көтеру үшін жастар тәрбиесіне қатысты ойын заманының қатал қиырларына қарамастан айтты. Жастарды батырлыққа, елін қорғауға тәрбиелеуге шақырды. Соғыста өзі де командир ретінде әрбір жауынгердің өміріне жауап беретіндігін ар-намыс, парыз бен борыш тұрғысынан дәлелдеді. Осыдан барып халқымыздың талай ғасырлар бойы ту еткен «батырлық» концепті жанданды. Абай таныған адамның баға жетпес байлық екендігін білді. Соғыстағы жеке адамның батырлық қасиеттерін зерделеді. Қазақтың қара сөзінен ойлы, шайырлы даналыққа жетелер шығармашылық әлемін жасады.
Әдебиеттер тізімі
Байғалиев, Б. (1997). Абай өмірбаяны архив деректерінде. Алматы: Атамұра.
Бәкір, Ә. (2008, 23-қыркүйек). Қазақ даласына болыстық билік жүйесінің орнауы. Егемен Қазақстан.
Қадыржан, Ә. (1994). Қазақстан тарихының «ақтаңдақ» беттерінен. Алматы: Қазақстан.
Қалдыбаев, М. (2004). Атақ пен шатақ. Алматы: Қайнар.
Құнанбаев, А. (1995). Қалың елім қазағым. Алматы: Санат.
Мәмбет, Қ. (1995). Алаш қозғалысы. Алматы: Санат.
Көпеев, М.Ж. (2006). Қазақ тарихы. Шығармалары (8-том). Павлодар.
Момынқұл, Б. (2024, 23-декабрь). Детская наивная просьба и жизнь без лжи. Знамя труда. https://ztgzt.kz/81895/otcovskiy-urok-chestnosti
Момышұлы, Б. (2011). (Құраст. Н. Қ. Қосаева). Шығармалары. Алматы: Орталық кітапхана.
Тарақты, А. (1995). Көшпелілер тарихы. Алматы: Атамұра-Қазақстан.
Demir, A., Sadykova, A., & Kahkinbay, S. (2024). The use of mobile learning in patriotic education through the heroic image of Baurzhan Momshuly in history lessons at school. Педагогический Вестник Казахстана, 2(75), 20–35. https://doi.org/10.52301/1991-0614-2024-2-20-35 DOI: https://doi.org/10.52301/1991-0614-2024-2-20-35
Kazhymurat, A., Aubakir, Zh., & Askarova, A. (2024). Abaiin Alash heritage. Critical Survey, 36, 87–100. https://doi.org/10.3167/cs.2024.360408 DOI: https://doi.org/10.3167/cs.2024.360408
Khassenova, R., & Sarkulova, M. (2024). Abai’s poetry in Eco’s semiotic light. Chinese Semiotic Studies, 20, 327–355. https://doi.org/10.1515/css-2024-2016 DOI: https://doi.org/10.1515/css-2024-2016
Madiyeva, G., Pirmanova, K., Serikbayeva, A., Nurlybayev, N., Tokmyrzaev, D., Nadieva, A., & Yegizbaeva, Z. (2025). Problems of using the poetic corpus of Abay for pedagogical purposes and ways to solve it. Journal of Education, 4(1), 184–196. https://doi.org/10.62754/joe.v4i1.5963 DOI: https://doi.org/10.62754/joe.v4i1.5963
Oralbekova, K., Kurmanbayeva, Sh., Kairbayeva, K., Kelgembayeva, B., & Sabyrbayeva, R. (2024). Abai’s legacy as a fundament of the art of speech. Scientific Herald of Uzhhorod University. Series: Physics, 55, 819–828. https://doi.org/10.54919/physics/55.2024.81tv9 DOI: https://doi.org/10.54919/physics/55.2024.81tv9
Yessimkulova, S. (2022). Language personality of Bauyrzhan Momyshuly as a phenomenon: National character and military-patriotic views. Bulletin of L.N. Gumilyov Eurasian National University. Philology series, 4(141), 184–196. https://doi.org/10.32523/2616-678X-2022-141-4-184-195 DOI: https://doi.org/10.32523/2616-678X-2022-141-4-184-195
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 А.А. Туймебекова (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.