Бір буынды түркілік түбірлердің мағынасы (қазақ және ноғай тілдері деректері негізінде)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.71078/h55s6895

Түйін сөздер:

түркі тілдері, ноғай тілі , салыстырмалы-тарихи әдіс, лексикалық-семантикалық тәсіл , түркілік түбірлер

Аңдатпа

Мақалада түркі тілдерінің қыпшақ тобына жататын қазақ және ноғай тілдеріндегі бір буынды түбір сөздердің семантикалық ерекшеліктері зерттелді. Ғалым Ә. Қайдардың еңбегіндегі бір буынды «ау», «ар» және «ат» түбірлерге семантикалық талдау жүргізілді. Зерттеудің негізгі мақсаты – қазақ және ноғай тілдеріндегі ортақ бір буынды түбірлерді талдай отырып, семантизация (мағынаның қалыптасуы) процесін анықтау.  Зерттеу тіл білімі, лексикология және семантика салаларындағы салыстырмалы талдаулардың аясын кеңейтуге бағытталған. Түркі тілдеріндегі мәдени байланыстарды қазақ және ноғай тілдеріндегі бір буынды түбірлердің мағыналық өзгерістері арқылы көрсету идеясы қарастырылды. Семантикалық талдау нәтижесінде қазақ және ноғай тілдеріндегі бір буынды түбірлердің тарихи даму барысында елеулі өзгерістерге ұшырағаны анықталды. Бұл өзгерістер әртүрлі тілден тыс факторлардың әсерімен орын алған. Кейбір түбірлер бір тілде бастапқы мағынасын сақтаса, екінші тілде ол мағыналық кеңею процесі арқылы жаңа мағынаға ие болған немесе кейде бастапқы мағынасын жоғалтып, жаңа мағынаға өзгерген.  Бүгінгі таңда тіл білімінің жаңа бағыттарында көптеген зерттеулер жүргізілуде. Алайда, салыстырмалы тіл білімі, ноғай тілін зерттеу және семантизация процесінің талдауы зерттеудің құндылығын көрсетеді.

Автор туралы мәлімет

  • Айгүл Асенова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    PhD докторант, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан.

Әдебиеттер тізімі

Томанов Ш. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. – Алматы, 1992. – 190 б.

Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы. – Алматы, 1991. – 211 б.

Жалмаханов Ш.Ш. Жылқыбай Г.Қ. Жалпы түркілік «бәд», «қоб» этимондарының этимологиялық этюдтері // Ясауи университетінің хабаршысы. – 2022. N2 (124). – Б. 11.

Кайдар А.Т. Структура односложных корней и основ в казахском языке. – Алматы : Арыс, 2005. – 295 с.

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі / Жалпы редакциясын басқарған Т. Жанұзақов. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008. – 968 б.

Ногайско-русский словарь: под редакцией Н.А. Баскакова / Государственное издательство иностранных и национальных словарей. – Москва, 1963. – 560 с.

Древнетюркский словарь : словарь / АН СССР, Ин-т языкознания ; (редкол. В. М. Наделяев). – Л. : Наука, 1969. – 676 с.

Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1966. – 240 б.

Сағындықұлы Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері – Алматы: Қазақ университеті, 2005. - 257 б.

Қазақ тілінің сөзжасам сөздігі /құраст. А. Б. Салқынбай. – Алматы, 2016. – 3-бөлім. – 431 б.

Шихмурзаев Д. М. Ногайско-русский фразеологический словарь [Ногайсша-орысша фразеологиялык соьзлиги]. – Махачкала: Изд-во НИИ педагогики, 2006. – 296 с.

Севортян Э. В. Этимологический словарь тюркских языков: общетюрк. и межтюрк. основы на гласные / М. : Наука, 1974. – 767 с.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-09

Журналдың саны

Бөлім

Түркітану

Ұқсас мақалалар

11-17 тен 17

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.