Абай шығармаларындағы «сөз» концептісінің әлеуметтік мәні

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.71078/zp1t7t24

Түйін сөздер:

сөзтану, сөз мәні, сапасы, әлеуметтік ролі, эстетикалық ролі

Аңдатпа

Мақалада Абайдың құнды пікірлерінің бірі – «сөз» табиғатының әлеумет өміріндегі ең маңызды, мәнді құбылыс екенін өз шығармаларына арқау етуі қарастырылады. Абай – қазақ халқын жеті түнде адастырмас темірқазығы. Абай  өзі өмір сүрген ортасына, халқына сын көзбен қарап, сол кезде белең алған халық арасына кең тараған әлеуметтік мәселелерді рушылдық, мансап қуу мен мал жинау сынды әдеттермен күресуді «сөзі» арқылы жеткізген. Өнер, білім, ғылымға көңіл бөлу адам баласын надандықтан құтқарар жол деп түсінген. Абай өлеңдері мен қара сөздері болашақ ұрпақ пен жалпы адамзатқа айтылған өсиет, ақыл айту мәнінде беріліп отырады. Ол тек лирикалық толғаныспен ішкі көңіл-күйін ақтарып оқырманын өзіне еліктіруді мақсат етпейді, ойын, сөзін ұғынатын әлеуметтік топты негізгі нысанаға алған болатын. Туған халқымен қоса адамзат баласына үлкен ой тастайды. Абайды ғұлама ғалым  ретінде тануға болатын ғылыми концептінің бірі сөз, «сөз» ұғымын категория деңгейіне дейін өзіне тән поэтикалық, философиялық астарымен жеткізеді. Абай сөзтану ғылымының негізгі нысаны болып саналатын сөзге үлкен мән берген. Қазіргі уақытта мемлекеттік тіл статусына ие болған қазақ тілі сияқты іргелі тілдің сөзтану жүйесін тану оның практикалық мәні мен мазмұнына тікелей байланысты, сондықтан халық даналығында да Абай сияқты ойшылдар мен сөз зергерлері сөз маңызына арнап даналық ойларын айтып кеткен болатын. Сөзтану ғылымының ғылыми-теориялық мақсат-міндеттерінен басқа  да қолданбалы сипаты тұрғысынан алатын орны айрықша күрделі  сала  болып келеді. Абай сөздің  философиялық интеллектуалды мәнінің сипатына, көп функционалды табиғатының қызметіне ерекше мән берген. Абайдың сөз мәніне ерекше көңіл  аударып, осы ғылым саласының әлеуметтік әрі эстетикалық сондай-ақ көп  функционалды табиғатының қыр-сырын жеткізуге ерекше мән берген. Мақалада Ұлы Абайдың сөз, сөз мәні мен сапасы, әлеуметтік ролі туралы терең тұжырымдары  мен ойлары сөзтану ғылымына тікелей қатысты болып келетіндігі талданады.

Автор туралы мәлімет

  • Дина Алкебаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    филология ғылымдарының докторы, профессор

Әдебиеттер тізімі

Ахметов, З. (1995). Абайдың ақындық әлемі. Алматы: Ана тілі.

Әлкебаева, Д. (2011). Сөз мәдениеті. Алматы: Ценные бумаги.

Байтұрсынұлы, А. (1991). Ақ жол. Өлеңдер мен тәржімелер, публ. мақалалар және әдеби зерттеу /Құр. Р. Нұрғалиев. Алматы: Жалын.

Есім, Ғ. (2012). Хакім Абай. Астана: Фолиант.

Кенесбаев, С. (1955). Абай осноположник казахского литературного языка. Советский Казахстан, (9), 155.

Костомаров, В.Г. (1994) Языковой вкус эпохи: из наблюдений над речевой практикой масс-медиа. Москва.

Құнанбайұлы, А. (1995). Шығармаларының екі томдық жинағы. Т.1. Алматы: Жазушы.

Құнанбайұлы, А. (2003). Өлеңдер. Поэмалар. Аудармалар. Қара сөздер. Алматы: Мектеп.

Малинецкий, Г.Г. и др. (2010). Когнитивный вызов и информационные технологии http://library.keldysh.ru/preprint.asp?id=2010-46.

Ысқақов, А. (1985). Абай. Энциклопедия. Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» бас редакциясы, Атамұра.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-21

Журналдың саны

Бөлім

Қазақ тіл білімі