Абай Құнанбаев пен Юнус Эмре философиясындағы сүйіспеншілік
DOI:
https://doi.org/10.71078/v0vwjb77Түйін сөздер:
Абай Құнанбаев пен Юнус Эмре философиясындағы сүйіспеншілікАңдатпа
XIX ғасырда алғашқы үлгілері қалыптаса бастаған қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы саналған Абай Құнанбаев – қазіргі қазақ әдебиетінің ең маңызды өкілдерінің бірі. Ол алған білімі мен сусындаған қайнар көздерінің нәтижесінде қалыптастырған жаңа әрі заманауи философиялық көзқарастарымен кейінгі көптеген ақындарға шабыт берді. Әсіресе оның Қара сөздері мен өлеңдері қазақ әдебиетіне тың серпін әкелді. Абай философиясының өзегінде – адам. Ол адамға тән қасиеттерді сипаттай отырып, халықты надандық, ізгілік, достық, сүйіспеншілік, махаббат, адалдық, мейірімділік, дәстүр мен әдет-ғұрып секілді көптеген ұғымдар төңірегінде ойлануға жетелейді. Қазақ қоғамындағы кемшіліктерді, надандық пен жалқаулықты сынаған Абай Қара сөздерінде өткір тіл қолданды. Оның сыны тек қазақ халқына ғана емес, барша мұсылман қоғамына және жалпы адамзатқа арналды.
Абай секілді Юнус Эмре де өз дәуірінің асқақ дауысы әрі ғасырлардан асып жеткен үннің символы болды. XIII ғасырдың соңы мен XIV ғасырдың басында өмір сүрген түрікмен дервіші Юнус Эмре – түрік әдебиетінің аса көрнекті ақындарының бірі. Ол тарихта махаббат пен сүйіспеншілік жыршысы ретінде белгілі. Шығармаларында ең көп қозғаған тақырыбы – сүйіспеншілік пен махаббат. Жаратушыға деген сүйіспеншіліктің нәтижесінде барлық жаратылысты сүю қажеттігін уағыздады. Адамға деген сүйіспеншілік болмаған жағдайда, тіпті ғибадаттың өзі мәнсіз екенін жырлады. «Мен адамдардың жүрегін жасауға келдім» деген Юнус Эмре арқылы түрік тілі махаббат пен мағына тілі ретінде қайта түлеп, жаңа болмысқа ие болды.
Оның шығармаларындағы басты философия – Абайдікі секілді адам және оған тән ең асыл құндылық – сүйіспеншілік. «Жаратқанды Жаратқаннан сүйемін» деген Юнус Эмренің ойы мен «Адам баласының ақыретте жауап берері – жаратылыстағы әділет пен сүйіспеншілік» деген Абайдың көзқарасы өзара үндеседі. Әртүрлі кеңістікте, түрлі қырынан қарастырылғанымен, екеуінің де философиялық жүйесінде ең көп көрініс тапқан ортақ ұғым – сүйіспеншілік. Адамға деген махаббат төңірегінде тоғысқан бұл екі ақынның әрі рухани, әрі іләһи сүйіспеншілік туралы көзқарастары ғасырлар бойы талай адамға жол көрсетіп келеді. Мақалада Абай мен Юнус Эмренің сүйіспеншілікке қатысты көзқарастары талданып, салыстырылып қарастырылады.
Әдебиеттер тізімі
Aşa, E. (n.d.) İbrahim Abay Kunanbayoğlu’nun Edebî Çehresi, Türk Dili ve Edebiyatı Dergisi, C. 27, s. 48.
Avezov, Muhtar (2004). Abay Colı Roman-Epopeya, Cilt I, Almatı: Cazuşı Baspası.
Ayan, Ekrem (2017). Bir Devrin Aynası Abay Kunanbay ve Kara Sözler, Ahmet Yesevi Üniversitesi Yayınları, Ankara.
Iskakulı, Danday (2022). Yunus Emre İle Abay: Manevi Devamlılık, Uluslararası Yunus Emre Sosyal Bilimler Dergisi, Haziran, Sayı: 5, s. 1-7.
Duisebayeva, Dinara (2020). Abay Kunanbayoğlu’nun Şiirlerinde Sevgi Doğumunun 175. Yılı Anısına Uluslararası Abay Kunanbayoğlu Sempozyumu Bildirileri, 25-27 Kasım, s. 155-167.
Erdoğan, Boz (2021). Yunus Emre, Divan (Fatih Yazması), Ankara, Yunus Emre Enstitüsü Yayınları.
Esim, Garifolla (2016). Hakim Abay, Çev: Bayram Sürekli, Gülkhanıs Arıstanova, Çizgi Kitabevi Yayınları, Konya.
Fromm, Erich (2007). Sevme Sanatı, Çev. Özden Saaatçi-Karadana, İlya Yayınları, İzmir.
Hopaç, M. (2013). Kazak aydınlanmasında Abay Kunanbayev Düşüncelerinin Etkileri Üzerine Bir Deneme. Akademik Bakış Dergisi, Sayı: 37, Celalabat, Kırgızistan, Temmuz-Ağustos.
Kunanbayev, Abay (1986). Eki Tomdık Şıgarmalar Jiynagı, Birinşi Tom, Ölender men Poemalar.
İmam-ı Gazâlî, Kalplerin Keşfi, Saadet Yayınları, İstanbul.
Koç, Emel (2000). Platon ve Yunus Emre Düşüncesinde Sevgi ve Aşk, Felsefe Dünyası, 2, Sayı: 32.
Özen, Yener & Gülaçtı, Fikret (2010). Duyusal Alan Öğrenilerinden Sevgi ve Sevgi Kuramları (Sevgiye Dair Söylenceler). ODTÜ Sosyal Bilimler Enstitüsü, Sosyal Bilimler Araştırmaları Dergisi Cilt: 1 Sayı: 2 Aralık.
Sevgi, Ahmet (2012). Yunus Emre’de İnsan Sevgisinin Evrensel Niteliği Üzerine, Turkish Studies - International Periodical For The Languages, Literature and History of Turkish or Turkic Volume 7/1 Winter, p.99-103. DOI: https://doi.org/10.7827/TurkishStudies.3182
Tatçı, Mustafa (1990). Yûnus Emre Dîvânı, Kültür ve Turizm Bakanlığı Yayınları. Ankara.
Toprak, B. (2006). Yunus Emre Divanı, Odunpazarı Belediyesi Yayınları, İstanbul.
Zeyneş, İsmail & Çınar, Ali Abbas (1995). Abay’ın Eserlerinden Seçmeler, Türksoy Yayınları, Ankara.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Самет Азап (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.