Рух пен сөз үндестігі: Мағжан, Абай және Жүсіп Баласағұн шығармаларындағы түркілік концептілер бірлігі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.71078/tpyzq844

Түйін сөздер:

Мағжан Жұмабаев, концепт, түркілік дүниетаным, Құтты білік, Абай, лингвомәдениеттану

Аңдатпа

Бұл мақалада ХХ ғасырдың басындағы көрнекті ақын Мағжан Жұмабаевтың шығармаларындағы түркілік концептілер жүйесі жан-жақты қарастырылады. Зерттеу барысында ақын поэзиясында кездесетін «Күн», «Отан», «Бірлік», «Ерлік», «Аруақ», «Тәңір» сияқты ұғымдардың мән-мағынасы ашылып, олардың қазақ халқының тарихи жады мен ұлттық дүниетанымындағы орны мен қызметі талданады. Бұл концептілер тек тілдік құрал емес, сонымен қатар халықтың рухани болмысын бейнелейтін көркемдік-когнитивтік бірліктер ретінде бағаланады. Мағжан Жұмабаев – түркілік рухани мұраның жалғастырушысы ғана емес, оны жаңа заманның талаптарына сай түрлендіріп, қазақ әдебиетінде терең философиялық мазмұнмен өрнектей білген ақын. «Тәңір» мен «Аруақ» концептілері арқылы оның поэзиясында мифопоэтикалық, эпикалық сипаттармен қатар, тарихи және экзистенциалдық ой-түйіндер көрініс табады. Мақалада Мағжан поэзиясындағы бұл концептілер Абай Құнанбайұлы мен Жүсіп Баласағұн шығармаларымен салыстырылады. Түркілік дүниетанымның сабақтастығы мен көркемдік дәстүр жалғастығы мәселелері де сөз болады. Сонымен қатар, ақын лирикасындағы ұлттық мінез, фольклорлық дәстүрлер, мәдени кодтар мен тарихи сана мәселелері де қамтылады. Ақын шығармаларының тілдік көркемдігі, метафоралық өрнегі және поэтикалық құрылымы да назардан тыс қалмайды. Мағжан поэзиясы арқылы ұлттық сана мен идеяның жаңғыруы көркем тілде бейнеленіп, оның қазақ әдебиетіндегі орны айқындалады.

Автор туралы мәлімет

  • Ж.С. Таласпаева, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

    филология  ғылымдарының кандидаты, профессор

Әдебиеттер тізімі

Сүлейменов, Ж. (құраст.). (2008). Мағжан әлемі / Мир Магжана: зерттеулер, мақалалар, естеліктер. Алматы, Алтын кітап.

Қабдолов, З. (2007). Мағжан Жұмабаев. Таңшолпан, № 1.

Джусупов, Н. (2004). Проблема концепта в современной лингвистике. Преподавание языка и литературы: Научно-методический журнал, (4).

Жұмабаев, М. (2006). Өлеңдері, прозасы және әдеби зерттеулер. Құраст. Ж. Сүлейменов. Петропавл, Полиграфия.

Құнанбайұлы, А. (2012). Толық шығармалар жинағы (Т. 1). Алматы, Жібек жолы.

Абай. (2014). Сен де бір кірпіш дүниеге: Өлеңдер мен қара сөздер. Алматы, Атамұра.

Егеубаев, А.Қ. (ауд.). (2007). Әдеби жәдігерлер (20 т. сериясы, 5-т.: Жүсіп Баласағұн. Құтты білік). Алматы, Таймас.

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Хакім Абай – әлемдік өркениет феномені» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары. (2020). Павлодар, Торайғыров университеті.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-10-03

Журналдың саны

Бөлім

Қазақ тіл білімі

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 29

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.