Сыпайылық құрылымдардың қазақ тіліндегі ерекшелігі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.71078/9pbfnw88

Түйін сөздер:

сыпайылық құрылымдары , әлемнің тілдік бейнесі, ұлттық дүниетаным, лингвомәдениеттану, антропоөзектік лингвистика, қазақ тілі

Аңдатпа

Мақалада қазақ тіліндегі сыпайылық құрылымдарының ұлттық-мәдени сипаты әлемнің тілдік бейнесі теориясы аясында қарастырылады. Зерттеудің көкейкестілігі тілдің ұлттың тарихи тәжірибесін, мәдени құндылықтары мен дүниетанымын сақтайтын маңызды таным құралы болуымен түсіндіріледі. Зерттеудің мақсаты – қазақ тіліндегі сыпайылық құрылымдарының ұлттық мәдени кодпен байланысын айқындау және олардың әлемнің тілдік бейнесіндегі орнын анықтау. Жұмыстың ғылыми маңызы антропоөзектік, когнитивтік лингвистика мен лингвомәдениеттану бағыттарының қағидаларын сыпайылық категориясын зерттеуге кешенді түрде қолдануында, ал практикалық маңызы алынған нәтижелерді қазақ тілін оқыту, аударматану және мәдениетаралық коммуникация салаларында пайдалану мүмкіндігінде. Зерттеу материалы ретінде көркем әдебиет, БАҚ мәтіндері, ауызекі сөйлеу үлгілері мен сөздіктерден жинақталған лексикалық, грамматикалық және прагматикалық тілдік бірліктер алынды; талдау сипаттамалы, семантикалық, концептуалдық және лингвомәдени әдістер негізінде жүргізілді. Нәтижесінде қазақ тіліндегі сыпайылық құрылымдарының («сіз» есімдігі, құрмет мәнді қосымшалар, қаратпа сөздер, өтініш пен кешірім сұрау формулалары, алғыс айту үлгілері) құрмет, кішіпейілділік, әлеуметтік үйлесім және ризашылық деген төрт негізгі концептуалдық модель төңірегінде ұйымдасатыны анықталды. Зерттеудің құндылығы қазақ тіліндегі сыпайылықты жеке грамматикалық құбылыс емес, ұлттық дүниетанымның көрінісі ретінде кешенді қарастыруында. Алынған нәтижелер қазақ тіліндегі сыпайылық жүйесін басқа түркі, батыс және шығыс тілдерімен салыстырмалы зерттеуге негіз бола алады.

Автор туралы мәлімет

  • Д. Сүлеймен, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    PhD докторант

Әдебиеттер тізімі

Жаманбаева, Қ. (1998). Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. Ғылым.

Закирова, Р.Р. (2016). Концепт в контексте национальной культуры. В сб. Иностранные языки в современном мире (с. 298–302). Казань, Изд-во Казан. ун-та.

Закирова, Р.Р., Гильмутдинова, И.В., & Соколова, И.И. (2017). Изучение языковой картины мира в современной лингвокультурологии. Филологические науки. Вопросы теории и практики, 3, 99–101.

Камалова, Д.А. (2017). Lingvoculturology as a new direction of contemporary linguistics. Молодой ученый, 15 (149), 700–702.

Манкеева, Ж. (2001). Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері. Тілтаным, 4, 3–9.

Оразалиева, Э.Н. (2007). Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы: Ғылыми монография. Ан Арыс.

Салқынбай, А.Б. (2008). Қазіргі қазақ тілі. Эверо.

Bartmiński, J. (2009). Aspects of Cognitive Ethnolinguistics. London, Equinox Publishing.

Humboldt, W. von. (1999). On Language: On the Diversity of Human Language Construction and Its Influence on the Mental Development of the Human Species (Ed. M. Losonsky). Cambridge University Press.

Lakoff, G., & Johnson, M. (2003). Metaphors We Live By. Chicago, University of Chicago Press.

Muldagaliyeva, A.A., Gumarova, S.B., Issabayeva, B.K., & Zhirenshina, K.A. (2015). The Socio-Cultural Functions of Kazakh Kinship Terms. Asian Social Science, 11 (16), 80–87.

Muldagaliyeva, A.A., Urazgaliyeva, S.A., Tleulinova, M.B., Zhyrenshina, K.A., Duisenbayeva, S.S., Khalenova, A.R., Cesur, K., & Kassymova, G.K. (2022). A Socio-Cultural Study of Face and Politeness Conceptions in the Kazakh Context. Pertanika Journal of Social Sciences & Humanities, 30 (S1), 25–42.

Neudachina, L.V. (2018). The role of culture in linguistic worldview formation. Russian Linguistic Bulletin, 1 (13).

Ryssaldy, K.T., & Utepova, A.N. (2018). Lingocultural Peculiarities of the Concept «Politeness» in Kazakh and English Languages and Its Influence on Forms of Politeness. Серия общественных и гуманитарных наук, 2 (3), 1–5.

Sapir, E. (1921). Language: An Introduction to the Study of Speech. New York, Harcourt, Brace.

Weisgerber, L. (1962). Von den Kräften der deutschen Sprache I: Grundzüge der inhaltbezogenen Grammatik. Düsseldorf, Schwann.

Whorf, B. L. (1956). Language, Thought and Reality: Selected Writings of Benjamin Lee Whorf (Ed. J. B. Carroll). Cambridge, MA: MIT Press.

Wierzbicka, A. (1997). Understanding Cultures through Their Key Words. New York, Oxford University Press.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-07-04

Журналдың саны

Бөлім

Қазақ тіл білімі

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 100

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.