«Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» өлеңі: түпнұсқамен салыстырмалы поэтикалық және философиялық талдау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.71078/t9j0yg76

Түйін сөздер:

Абай аудармалары, поэтикалық интерпретация, романстық лирика, философиялық сарказм, қазақ поэзиясы, Рубинштейн, Крылов, мәдени транспозиция

Аңдатпа

Мақалада Абай Құнанбайұлының «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» өлеңі түпнұсқа мәтінімен салыстырылып, аударманың көркемдік-эстетикалық, идеялық-философиялық және мәдени-интерпретациялық қырлары талданады.

Түпнұсқаның негізінде Антон Рубинштейннің «Разбитое сердце» романсына арналған Рудольф Лёвенштейн және Виктор Крылов нұсқасы жатқаны нақты айқындалады. Абайдың аударма тәсілі мен поэтикалық жаңалығы, оның романстық меланхолияны қазақ дүниетанымының моральдық-философиялық өрісіне енгізу стратегиясы қарастырылады. Сонымен қатар, өлең құрылымындағы анафора, параллелизм, антитеза және тұрмыстық коллоквиализм тәсілдері талданып, ақынның түпнұсқаны еркін интерпретациялауы арқылы қоғамдық-сатиралық мазмұнға көшу ерекшелігі дәлелденеді.

Автор туралы мәлімет

  • Елдос Тоқтарбай, "Шәкәрім университеті" КЕАҚ

    гуманитарлық ғылымдар магистрі

Әдебиеттер тізімі

Ахметов, З. (2008). Абайдың ақындық әлемі. Алматы: Ғылым.

Крылов, В. (1870). «Я видел берёзку…» В Поэзия русского романса. Москва:Наука.

Құнанбаев, А. (1995). Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Т.1. Алматы: Жазушы.

Мырзахметов, М. (1982). Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары. Алматы: Ғылым баспасы.

Рубинштейн, А. (1869). Разбитое сердце. Санкт-Петербург: Наука.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-04-04

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 82

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.