Социолингвист-ғалым Аман Абасиловтың әлеуметтік лингвистикалық тұжырымдары
DOI:
https://doi.org/10.71078/b20dxb55Түйін сөздер:
Аман Абасилов, әлеуметтік лингвистика, тіл саясаты, тілдік жоспарлау, тілдік отарсыздану, латын әліпбиі, ономастика, терминология, табыс тілі, түркі әлеміАңдатпа
Жаһандану мен тілдік отарсыздану үдерістері посткеңестік қоғамдардағы тіл саясатын жаңа ғылыми-теориялық негізде пайымдауды талап етіп отыр. Мақаланың мақсаты – социолингвист-ғалым, профессор Аман Абасиловтың әлеуметтік лингвистика саласындағы іргелі тұжырымдарын жүйелеу және олардың қазіргі қазақ тіл білімі мен түркі әлемі үшін маңызын айқындау. Зерттеудің ғылыми маңызы ғалым концепцияларының алғаш рет біртұтас парадигма ретінде сарапталуында, ал практикалық маңызы оның ұсыныстарының мемлекеттік тіл саясатын дамыту бағдарламаларына тікелей қолданылу мүмкіндігінде. Жұмыс теориялық талдау мен синтез, дескриптивті, компаративті, контекстуалды және заңдық-құқықтық талдау әдістеріне сүйенді; эмпирикалық база ретінде ғалымның 2002–2026 жылдары жарық көрген монографиялары, оқу құралдары мен сараптамалық мақалалары алынды. Нәтижесінде ғалым тұжырымдары 12 тақырыптық бағыт аясында жүйеленіп, олардың Дж. Фишманның тілдік өміршеңдік теориясымен үндестігі, сондай-ақ Б. Спольски моделінен деколониалдық және лингво-экономикалық прагматизм («табыс тілі») қырларымен ерекшеленетіні дәлелденді. Зерттеудің құндылығы – қазақ социолингвистикасының теориялық аппаратын «лингвистикалық тәуелсіздік», «лингвистикалық шизофрения», «отарсыз ономастика» ұғымдарымен байытуында. Қорытындының практикалық мәні ЖОО-ларда кәсіби қазақ тілін оқытуды «Қазтест» жүйесімен интеграциялау, тіл дамытуға бөлінген қаржыны «шара өткізуден» «өнім жасауға» бағыттау сияқты нақты ұсыныстармен айқындалады.
Әдебиеттер тізімі
Абасилов, А. (2002). Терминологияны жүйелеу – тіл дамытудың басты шарттарының бірі. Қазақ терминологиясының өзекті мәселелері: республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары (57–60-бб.). Астана.
Абасилов, А. (2016a). Әлеуметтік лингвистика: оқу құралы. Алматы: Palitra Press.
Абасилов, А. (2016b). Әлеуметтік лингвистика сөздігі: оқу құралы. Алматы: Palitra Press.
Абасилов, А. (2018). Жаңа қазақ әліпбиі: әлеуметтік лингвистикалық мәселелері, оларды шешу жолдары. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы, 2(123), 8–15. DOI: https://doi.org/10.32523/2616-678X-2018-123-2-8-15
Абасилов, А. (2020, 6 наурыз). Идея бар, нәтиже жоқ. Не істеу керек? Abai.kz.
Абасилов, А. (2021). Мемлекеттік тіл: әлеуметтік лингвистикалық проблемалары, оларды аймақтық тұрғыдан шешу жолдары: монография. Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту институты.
Абасилов, А. (2023a, 18 мамыр). Тіл саясаты: адамдар нені өзгерткісі келеді? Ана тілі. https://anatili.kazgazeta.kz/news/61842
Абасилов, А. (2023b, 16 қараша). Мемлекеттік тілді оқытуда бірізділік керек. Ана тілі. https://anatili.kazgazeta.kz/news/62478
Абасилов, А. (2025a). «Тіл меңгеру» ұғымы: әлеуметтік лингвистикалық сипаттамасы мен деңгейлері. Мемлекеттік тілді оқытудың деңгейлері мен сатылары: монография-оқулық (64–66-бб.). Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту институты.
Абасилов, А. (2025b). ЖОО-ның тілдік емес мамандықтарының қазақ тобындағы қазақ тілі мәселесі. Мемлекеттік тілді оқытудың деңгейлері мен сатылары: монография-оқулық (403-б.). Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту институты.
Абасилов, А. (2025c). Қазақстандағы тілдік отарсыздандыру: әлеуметтік лингвистикалық аспектілері мен проблемалары. Туған тіл, 4(46), 65–74.
Абасилов, А. (2025d). Авторлық жазба [Facebook парақшасындағы жазба]. https://www.facebook.com/share/p/1LHGc5qCbh/
Абасилов, А. (2026a, 27 ақпан). Қазақша сөйлеу «сәнді әрі тиімді» болған кезде, танымалдылық мәселесі өздігінен шешіледі. Inbusiness.kz.
Абасилов, А. (2026b). Тілдің әлеуметтік саралануы: лингвистикалық идеялардың бастауы мен дамуы. БҚИТУ хабаршысы, 1(37). https://ojs.wkitu.kz/ DOI: https://doi.org/10.62724/202610201
Абасилов, А. (2026c). «Мемлекеттік тіл» деген терминді «ресми тіл» деп ауыстыру керек. Inbusiness.kz. https://inbusiness.kz/kz/author_news/memlekettik-til-degen-termindi-resmi-til-dep-auystyru-kerek
Абасилов, А. (2026d). Ұлттың жанын ұлықтауымыз керек. Жалағаш жаршысы. https://new.zhalagash-zharshysy.kz/kogam/17539-ltty-zhanyn-lytauymyz-kerek.html
Абасилов, А., & Мадалхан, Д. (2015). Қызылорда қаласының эргонимдері. Тіл және қоғам, 4(42), 85–93.
Абасилов, А.М., & Әбілов, А.Ә. (2026). Қызылорда облысының эргонимдері: мемлекеттік қызметшілерге және кәсіпкерлерге арналған әдістемелік нұсқаулық. Қызылорда.
Абасилов, А.М., Әбілов, А.Ә., & Біләлов, С.У. (2025). Қызылорда облысы ойконимдері: монография. Қызылорда: Жиенай.
Байтұрсынұлы, А. (1992). Қазақша сөз жазушыларға. Тіл тағылымы (395-б.). Алматы: Ана тілі.
Жұбанұлы, Қ. (2013). Төңкеріс және қазақтың ұлт тілі. Ғ. Әнес (құраст.), Қазақ тіл білімінің мәселелері (439-б.). Алматы: Абзал-Ай.
Сүлейменова, Э.Д., Шаймерденова, Н.Ж., & Аканова, Д.Х. (2007). Языки народов Казахстана: социолингвистический справочник. Алматы: Арман-ПВ.
Хасанұлы, Б. (1992). Ана тілі – ата мұра (қазақ тілінің жер жүзі тілдері жүйесіндегі алатын орны). Алматы: Жазушы.
Шаймерденова, Н.Ж. (2012). Языковая политика и этническая идентичность в социокультурном пространстве Казахстана. Алматы: Раритет.
Ferguson, C.A. (2020). Structuralist linguistics and language change. Berlin: De Gruyter Mouton.
Fishman, J.A. (2021). The sociology of language: An interdisciplinary social science approach to language in society. Berlin: De Gruyter Mouton.
Haugen, E. (2018). The ecology of language: Essays by Einar Haugen. Stanford: Stanford University Press.
Labov, W. (2018). Sociolinguistic patterns. Philadelphia: University of Pennsylvania Press.
Spolsky, B. (2021). Rethinking language policy. Edinburgh: Edinburgh University Press. DOI: https://doi.org/10.3366/edinburgh/9781474485463.001.0001
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Ә.С. Сейтжанов, Д.А. Мадалхан (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.