А. Байтұрсынұлы ілімінің лингвомәдени негіздері
DOI:
https://doi.org/10.71078/h8z52146Түйін сөздер:
А.Байтұрсынұлы, когнитивтік лингвистика, тіл және сана, тілдік таным, ақыл, қиял, көңіл, сөз өнері, дүниетаным, авторлық стильАңдатпа
Мақалада А. Байтұрсынұлының тіл табиғаты, сөз өнері және адам санасының когнитивтік құрылымы туралы көзқарастары қазіргі когнитивтік лингвистика тұрғысынан қарастырылады. Ғалым ұсынған «ақыл», «қиял» және «көңіл» категориялары адамның танымдық қызметінің іргелі құрамдас бөліктері ретінде талданып, олардың тілдік танымның психологиялық және когнитивтік негіздерін түсіндірудегі маңызы айқындалады. Тіл мен мәдениеттің өзара байланысына, сондай-ақ тілдің ұлттық бірегейлікті, дүниетанымды және мәдени құндылықтарды сақтау мен қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударылады. Мақалада А. Байтұрсынұлының тіл, ойлау және сана арасындағы өзара байланысты терең пайымдағаны көрсетіледі. Сонымен қатар қабылдау, бейнелі елестету және ақпараттың жадта сақталуы сияқты ұғымдар қазіргі когнитивтік лингвистикадағы концептуализация, метафораландыру, ақпаратты өңдеу және бағалау үдерістерімен сабақтастықта қарастырылады. Сондай-ақ ғалымның сөз өнері, авторлық стиль, тілдік норма және «лебіз заңы» туралы көзқарастары талданып, олардың қазіргі лингвистикалық зерттеулер үшін теориялық маңызы айқындалады. Зерттеу нәтижесінде А. Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы қазақ тіл біліміндегі когнитивтік бағыттың маңызды теориялық негіздерінің бірі екені және оның тілдік таным тұжырымдамасының қазіргі лингвистика үшін өзектілігі мен ғылыми құндылығын сақтап отырғаны тұжырымдалады.
Әдебиеттер тізімі
Baitursynuly, A. (2022). Tañdamaly shyğarmalary [Selected Works]. General editors: Zh. Tuimebayev and A. Salkynbai. Vol. 1. Almaty, Kazakhstan.
Baitursynuly, A. (2022). Tañdamaly shyğarmalary [Selected Works]. General editors: Zh. Tuimebayev and A. Salkynbai. Vol. 2. Almaty, Kazakhstan.
Baitursynuly, A. (2022). Tañdamaly shyğarmalary [Selected Works]. General editors: Zh. Tuimebayev and A. Salkynbai. Vol. 3. Almaty, Kazakhstan.
Baitursynov, A. (2003). Ädebiet tanytqysh. Zertteu men öleñder [The Theory of Literature: Studies and Poems]. Almaty, Atamura Publishers.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 А. Салқынбай (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.