Абай тіліндегі бинарлық қатынастар

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.71078/em5vqh55

Түйін сөздер:

Абай Құнанбаев, қазақ тілі, бинарлық қатынастар, қарама-қарсылық коннекторлары, лингвофилософия

Аңдатпа

Қазақ халқының ұлы перзенті Абай Құнанбаевтың туған халқы жайлы тұжырымдамалық пайымдаулары мен гуманизмге, жалпыадамзаттық мүддеге бағытталған ғибратты ойлары бүгінгі қазақ әлемінің  рухани дамуының өзегіне алынуда. Мақала Абай шығармалары тіліндегі бинарлық қатынастарды  сипаттайтын тілдік бірліктерді талдауға бағытталған. Көп қабатты бiр концепт бойына жинақталған идеялық таңбалар тiзбегi ортақ белгiлерге негiзделген мәндес ұғымдарды да, аралық ұғымдарды да, антиномиялық ұғымдарды да қамтиды. Әрбiр тiзбектiң полярлық шегi қарама-қарсы мәнмен тұйықталады. Философтар диалектиканың дуалистiк теориясына орай концепт ұғымын қарама-қайшылықтар бiрлiгi ретiнде тануы да осындан туындайды. Лингвистика ғылымы бойынша ноосфералық әлемдегi мұндай қарама-қарсылық коннекторлары тiлдiк әлемде бинарлық жұптар арқылы көрiнiс табады. Тілдегі бинарлық қатынастарды сипаттайтын тілдік бірліктер диалектикадағы қарама-қарсылықтың бірлігі мен күресі заңдылығымен ұштасып жатқан лингвофилософиялық  құбылыс.

Тұтастай алғанда тiл жүйелi құрылым, кешендi ноосфералық құбылыс болғанымен iшкi табиғаты қайшылыққа толы. Адамзат табиғаттың бiр бөлшегi саналатындықтан оның тiлi де табиғи микрокомпонент, әрi адамзаттың бар болмысын, өзге тiршiлiк иелерiнен ерекшелiгiн ашатын, адами танымды, сапаны айқындайтын, сондай-ақ белгiлi бiр тiлдiк қауымдастықтың немесе этностың ментальдық дара сипатын танытатын көп қырлы категория. Абай тіліндегі бинарлық қатынастар «өмір – өлім», «жан – тән», «бар – жоқ», «жақсы – жаман»,  «даналық – надандық» «имандылық – имансыздық», «әке – бала»  т.б. оппозицияларды қамтиды. Абай тіліндегі бинарлық қатынастарды сипаттайтын  лексемалардың этномәдени мазмұны ұлы ойшылдың күрделі  ойлау жүйесі мен  дүниетанымдық ерекшеліктерін   айқындайды.

Автор туралы мәлімет

  • Мағрипа Ескеева, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

    филология ғылымдарының докторы, профессор

Әдебиеттер тізімі

Абай. (Ибраһим Құнанбаев). (2005). Өлеңдер, поэмалар, аудармалар мен қарасөздер. Алматы: Жібек жолы.

Древнетюркский словарь. (1969). Под. Ред. В.М. Наделяева, Д.М. Насилова, Э.Р. Тенишева, А.М. Щербака. Ленинград: Наука.

Древние тюркские диалекты и их отражение в современных языках. (1971) Под ред. И.А. Батманова. Фрунзе: Илим.

Ескеева, М.Қ. (2011). Көне түркі жазба мұраларының лингвофилософиялық негізі. Астана: Сарыарқа.

Есім, Ғ.(2012). Хакім Абай. Астана: Фолиант.

Колесов, В.В. (2004). Язык и ментальность. Санкт-Петербург: Петербург. Востоковедение.

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі (2008). Алматы: Дайк-Пресс.

Севортян, Э.В., & Левитская, Л.С. (1989). Этимологический словарь тюркских языков. (IV т.) Москва: Наука.

Стеблева И. В. (1972). О реконструкции древнетюркской религиозно-мифологической системы В Тюркологический сборник (С. 213-226). Москва: Наука.

Тоқаев, Қ.К. (2023). Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан. http://www.akorda.kz/

Щур, Г.С. (1974). Теория поля в лингвистике. Москва: Наука.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-21

Журналдың саны

Бөлім

Түркітану

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 44

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.