Абай поэзиясындағы түркілік дүниетаным

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.71078/rezms583

Түйін сөздер:

Абай поэзиясы, түркілік дүниетаным, түркия руханияты, сопылық әдебиет, шығыс әдебиеті

Аңдатпа

Мақалада Күлтегін жазбаларындағы, «Авестадағы», «Қабуснамадағы»,  Мөңке би, Қ.А. Иассауи, Ж.Баласағұн, Жүніс Еміре, Ә. Науайы, Мақтымқұлы, т.б. шығармаларындағы түркілік дүниетаным, түркілік ой-пікірлер он тоғызыншы ғасырда Абай арқылы  соны серпінмен тұтас бір түрікшілдік ағым ретінде жалғаса түскендігі арнайы қарастырылады.

Түркілік руханияттың көгінде жарық жұлдыз боп жанып, Шығыстық өркениеттің көрнекті өкілдері санатындағы Әл-Фараби, Иассауи, Низами, Физули, Науаи, Мақтымқұлы секілді ұлылармен бірге қазақ халқының ұлы перзенті Абайдың есімі де зор құрметпен аталады. Таяу Шығыс мәдениетін, тарихын зерттей жүріп, Абай Табри, Рабғузи, Рашид ал-Дин, Бабыр, Абулғазы Баһадур хан және басқаларының еңбектерімен танысты, сондай-ақ шығыстың діни ғалымдарының пайымдауындағы логика мен мұсылман правосы негіздерін де білді. Абай Таяу Шығыстың ежелгі мәдениеті ғана емес, сонымен бірге өз заманындағы мәдениетімен де жақсы таныс болатын. Ол татардың тұңғыш ағартушыларының еңбектерін де білетін.

Автор туралы мәлімет

  • Дандай Ысқақұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    филология ғылымдарының докторы, профессор

Әдебиеттер тізімі

Абай. (1995). Энциклопедия. Алматы: Қазақ энциклопедиясы.

Әл-Фараби және қазіргі заман. (2014). Алматы: Қазақ университеті.

Әуезов, М. (2004). Шығармаларының елу томдық толық жинағы. 15-том. Алматы: Жібек жолы.

Әуезов, М. (2008). Шығармаларының елу томдық толық жинағы. 31-том. Алматы: Жібек жолы.

Баласағұн, Ж. (1986). Құтты білік (Ауд. А. Егеубаев). Алматы: Жазушы.

Бердібай, Р. (2018). Түбі бір түрікпіз: Он томдық шығармалар жинағы. 4-том. Алматы: Дәуір.

Ежелгі дәуір әдебиетінің антологиясы. (2019). 1-том. Алматы.

Ежелгі дәуір әдебиетінің антологиясы. (2020). 2-том. Алматы.

Иасауи, Қ.А. (2016). Диуани хикмет (Хикмет жинағы). Астана: Ғылым.

Иассауи, А. (2009). Диуани хикмет: Даналық кітабы. Алматы.

Көпрүлү, Ф. (2017). Түркі әдебиетінде алғашқы сопы ақындар. Түркістан.

Қайқауыс. (1992). Қабуснама. Алматы: Балауса.

Қорқыт ата. (1999). Энциклопедиялық жинақ. Алматы: Қазақ энциклопедиясы.

Құнанбаев, А. (1977). Шығармаларының екі томдық толық жинағы. 1-том. Алматы: Ғылым.

Құнанбаев, А. (1977). Шығармаларының екі томдық толық жинағы. 2-том. Алматы: Ғылым.

Мақтымқұлы, П. (2014). Таңдамалы өлеңдері. Ашхабад: Ылым.

Мырзахметов, М. (2020). Абайдың шығыстық әлемі. Халықаралық Түркі академиясы.

Мырзахметұлы, М. (2015). Мұхтар Әуезов – абайтанушы ғұлама. Астана: Ғылым.

Науаи, А. (1948). Таңдамалы шығармалары. Алматы.

Науайы, Ә. (ж.ж.). Ескендір қорғаны. Ғазалдар. Астана: Аударма.

Сауранбаев, Н. (1970). Диуани хикмет туралы бір-екі сөз. Қазақ әдебиеті.

Тоқтағұл. (2015). Таңдамалы шығармалары. Астана: Ғылым.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-21

Журналдың саны

Бөлім

Түркітану