Сөз және сана кеңістігі: Абай шығармаларындағы адресаттық құрылым мен әлеуметтік мағына

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.71078/e72bvn92

Түйін сөздер:

Абай, сөз, әлеуметтік код, адресант-адресат, дискурс, адресаттық құрылым, прагматика, тілдік трансформация

Аңдатпа

Бұл мақалада Абай Құнанбайұлы шығармашылығындағы сөздің прагматикалық мәні мен әлеуметтік коды лингвистикалық тұрғыдан қарастыралады. Зерттеудің мақсаты – Абай сөзінің адресаттық құрылымын, прагматикалық қызметін, сондай-ақ оның қоғамдық сана мен моральдық құндылықтарды қалыптастырудағы рөлін талдау. Зерттеу бағыттары мен идеялары – сөздің әлеуметтік мәнін поэтикалық және дискурстық кеңістікте ашу, Абай шығармалары арқылы ұлттық сана мен рухани жаңғыру үдерісіндегі тілдің ықпалын көрсету, лингвистикалық құралдардың әлеуметтік мазмұнды қалай жеткізетінін анықтау. Абай тілінің коммуникативтік, тәрбиелік және дүниетанымдық функцияларын зерттеу арқылы қазіргі қазақ қоғамындағы рухани және тілдік жаңғыру мәселелеріне ғылыми негіз ұсыну. Абай шығармалары арқылы берілетін әлеуметтік кодтар мен құндылық жүйелері тіл білімінде адресаттық құрылыммен байланыстырылып, прагмалингвистикалық тұрғыдан сараланады.

Зерттеу әдіснамасы – дискурс-талдау, прагмалингвистикалық және семантикалық талдау әдістері, стилистикалық және лексикалық құрылымдарды контенттік интерпретациялау. Зерттеу барысында Абай шығармаларындағы сөздің тыңдаушыға бағытталған прагматикалық сипаты мен оның қоғамдық-әлеуметтік мазмұны айқындалады. Диалогтік құрылымдардағы тілдік трансформациялар арқылы берілетін символдық және моральдық кодтардың қоғамды рухани кемелденуге бағыттайтын ықпалы дәлелденді. Абай шығармалары нақты төрт адресаттық құрылымға топтастырылып, сөздің құрылымдық пен мағыналық жүйелері ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды трансляциялау құралы ретінде танылды.

Абай дискурсының прагматикалық кеңістігін зерделеу арқылы қазақ әдеби тілі мен қоғамдық сананың дамуындағы маңызды кезеңдер ғылыми тұрғыдан сипатталды. Сонымен қатар бұл зерттеу тіл мен ойлау, сөз бен сана арасындағы байланысты терең түсінуге мүмкіндік береді. Мақала нәтижелері қазақ тілін оқыту, әдебиеттану, дискурс теориясы, сөзтану, ұлттық сана қалыптастыруға бағытталған білім беру және мәдениет салаларында қолданыла алады.

Автор туралы мәлімет

  • Б. Мырзабаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    докторант

  • Я. Шимшек, Гиресун университеті

    PhD доктор, доцент

Әдебиеттер тізімі

Байтұрсынұлы, А. (1992). Тіл тағылымы. Алматы.

Бахтин, М. (1996). Проблема речевых жанров. В Бахтин М.М. Собрание сочинений. Т. 5: Работы 1940–1960 гг. (с. 159–206). Москва: Русские словари. Қол жеткізу сілтемесі: https://philologos.narod.ru/bakhtin/bakh_genre.htm

Дәдебаев, Ж. (2022). Абай ілімін білудің, түсінудің және қолданудың ғылыми негіздері мен теориялық тетіктері: мақалалар жинағы. Екінші кітап (Жалпы ред. Ж. Дәдебаев; электрондық басылымды дайындағандар: Л. Мұсалы, Б. Даутова, Г. Ыбырайқызы). Алматы: Абай институты.

Дүйсенбайұлы, Е. (2016). Абай Құнанбайұлы: шығармаларының екі томдық жинағы. Т. 1: Өлеңдер мен аудармалар. Алматы: Жазушы.

Дүйсенбайұлы, Е. (2016). Абай Құнанбайұлы: шығармаларының екі томдық жинағы. Т. 2: Өлеңдер мен аудармалар. Алматы: Жазушы.

Малинецкий, Г. Г., и др. (2010). Когнитивный вызов и информационные технологии. http://library.keldysh.ru/preprint.asp?id=2010-46

Манкеева, Ж. (2014). Қазақ тіл білімінің мәселелері. Алматы: Абзал-ай.

Мельчук, И. А. (1960/1975). Roman Jakobson, Linguistics and Poetics. В Структурализм: «за» и «против». Москва.

Омаров, А. (2020, 11 мамыр). Абай өлеңдерінің саны қанша? https://abai.kz/post/112207

Остин, Дж. (1999). Как производить действия с помощью слов (Пер. Л. Б. Макеевой, В. П. Руднева). Москва: Идея-Пресс, Дом интеллектуальной книги.

Сәрсембина, Б. (2024, 28 наурыз). Алаш зиялылары: Ойлай білетін бала сөйлей де біледі... https://abai.kz/post/181603

Серль, Дж. (2010). Философия языка (2-е изд.). Москва: Едиториал.

Тоқаев, Қ.-Ж. К. (2020, 8 қаңтар). Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан. Ақорда сайты. https://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/press_conferences/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-abai-zhane-hhi-gasyrdagy-kazakstan-atty-makalasy

Шалабай, Б. (2015). Қазіргі қазақ тілінің функционалды-коммуникативтік синтаксисі. Алматы: Қазақ университеті.

Demir, T. (2010). Konuşma eğitiminde benmerkezci konuşmaya yönelik bir deneme. Kastamonu Eğitim Dergisi, 18(2), 415–430.

Pethő, J., & Tukacs, T. (2022). Constructions of person marking and poetic structures in self-addressing poems. Studia Linguistica Hungarica, 34, 55–70. DOI: https://doi.org/10.54888/slh.2022.34.55.70

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-21

Журналдың саны

Бөлім

Қазақ тіл білімі

Ұқсас мақалалар

21-30 тен 40

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.