Тіл білімі және нейроғылым: нейролигвистиканың заманауи мәселелері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.71078/ev7vcf32

Түйін сөздер:

Тірек сөздер: нейролингвистика, нейрология, тіл философиясы, когнитивті нейролингвистика, дағды, қалыптастыру, әдістер, зерттеу, оңтайлы, пән, қызығушылық, меңгеру, арттыру, білім алушы, біліктілікті арттыру, ынтымақтастық.

Аңдатпа

Мақалада қазіргі таңдағы тіл білімінің  интегративті ғылым ретіндегі сипаты зерделенген, білім алушылардың болашақ ғалым ретінде қалыптасуына ықпал ететін   зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру, сөйлеу мәдениетін дамытып, зaмaн тaлaбынa caй cындaрлы ой aйтуы зерделенеді. Білім алушылардың нейролингвистикалық зерттеушілік дағдыларын қалыптастырудың негізгі аспектілері, бұл не үшін маңызды, студент зерттеу барысында қандай дағдыларды игереді, бұл әдіс жаңа білімді меңгерту барысында қаншалықты тиімді және білім алушының пәнге деген қызығушылығын арттыруға қаншалықты ықпал ететіндігі пайымдалады.

Мақаланы жазу барысында нейролингвистиканың неврология мен лингвистиканың тоғысқан тұсындағы ғылыми пән екендігі пайымдалады. Нейролингвистика тіл жүйесі мен мидың қарым-қатынасын реттейді. Ми жарақатынан пайда болатын сөйлеудің бұзылуы орта ғасырлық медицинада да белгілі болатын. Оларды жүйелі түрде зерттеу CIC ғасырдың екінші жартысында басталды. Тілдік патологиямен айналысқан лингвистер:          И.А. Бодуэн де Куртенэ, В.А Богородицкий, Л.Лурия, Л.С.Выготский афазияда байқалатын фонологиялық жүйенің құрылысын зерттеген.

Мақалада когнитивтік лингвистика мен нейролингвистиканың өзара байланысы қарастырылады. Мақала сөйлеу әрекетін тану мен құрудың, тілді игерудің және квази-тілдік бірліктернінің негізін құрудағы мидың қызметін, мидағы үдерістерді зерттеуге арналған.

Когнитивтік нейролингвистика сөйлеуді оның адаммен және оның танымымен қарым-қатынасында қарастырады. Бұл әлем туралы білімді жинақтаудың, жүйелеудің, өңдеудің және қолданудың негізгі құралдарының бірі ретінде қарастырылатын ғылым саласы. Мақала когнитивті нейролингвистиканы тарихи-ғылыми және әдіснамалық талдауға арналған. Сонымен қатар мақалада нейролингвистика тіл философиясымен, когнитивтік лингвистика және жалпы тіл білімімен байланыста қарастырылады және нейролингвистика саласының одан әрі қарай дамудың басым бағыттары зерделенген.

Қазіргі таңда коммуникативтік дағдылар маманның кәсіби білімі мен біліктілігіне қарамастан, маман біліктілігінің  маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Сөйлесім әрекетінің тіл меңгертудегі рөлі коммуникативтік-дисскуссиондық саладағы, кәсіп пен мамандық негіздері, іскерлік коммуникация мәдениетін қамтитын пәндердің тоғысында меңгерілетін және аталған бағыттағы пәнаралық білім аймағы екендігі анық.

Сөйлеу барысын зерделеп, талқылау барысында білім беру үдерісін жандандырып, білім алушылардың біліктілігін арттыруға барынша ықпал ететін әдістер мен дағдылар ұсынылды: саралау тапсырмасын беру, оқытудың алуан түрлі әдіс-тәсілдерін пайдалану. Айқындалған ұсыныстар ескеріле отырып, білім беру үдерісі мен зерттеу сабағы қайта жасақталды. Білім алушы сабақты жете меңгеруі үшін бірнеше сабақ қатарынан өзара логикалық байланысты циклдік сабақтар жүргізіп, оқушылардың іс-әрекеттері бақыланды, зерделенді. Сонымен қатар білім алушылардың өзара ынтымақтастығы да назардан тыс қалмады. Нәтижесінде барынша ұтымды әдісті саралау арқылы жетістікке жетуге болатындығы анықталды.  

Автор туралы мәлімет

  • Назым Төлеева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    аға оқытушы

Әдебиеттер тізімі

Баяндина, С.Ж. (2019) Функции языка в контексте современной лингвистической парадигмы: Автореф. дис...д.филолог. н.:10.02.19-теория языка ... https://cyberleninka.ru/article/n/funktsii-i-funktsionirovanie-yazykovyh-edinits-v-slovoobrazovanii-kazahskogo-yazyka

Бендлер, Р. (2010). Как использовать гипноз для изменения жизни к лучшему (Richard Bandler’s Guide to Trance-formation)

Выготский, Л.С. (1930). Мышление и речь. Москва, Книга.

Жақыпов, С.М. К вопросу об экранизациях в аспекте сравнительного литературоведения. URL: https://scholar.archive.org/work/i7k3uuasufbnfigitkx7434tvy/access/wayback/http: //bulphil.enu.kz/uploads/archive/old/the-problem-of-screening-in-the-aspect-of-comparative-literature.pdf

Жақыпов, С.М. Қазақ көне эпосындағы аŋ тілдік таңбасы. URL: https://scholar.archive.org/work/subl7iwzozdfrpi7hrvgauuywa/access/wayback/http://bulphil.enu.kz/uploads/archive/old/the-language-sign-ang-in-the-kazakh-ancient-epos.pdf

Кандель, Э. (2020). Растроенная психика. Что рассказывает о нас необычный мозг. Перевод З. Мамедьяров, Литрес, Corpus.

Ким, Е.Г. (2005). Применение эриксоновских техник в процессе обучения: автореферат...к.психол.н.-19.00.07: Педагогическая психология. Алматы.

Лурия, А. Р. (n.d.) Язык и сознание. URL: https://www.meloman.kz/serija-knig/jekopoket/

Дилтс, P. (n.d.) Фокусы языка. Изменение убеждений с помощью НЛП. URL: https://www.flip.kz/descript?cat=publish&id=11688

Тіл ғылымының тұңғыш профессоры. (n.d.) https://egemen.kz/article/40847-til-ghylymynynh-tunhghysh-professory

Шпет, Г.Г. (2009). Внутренняя форма слова. Этюды и вариации на темы Гумбольдта. Москва, Книжный дом «Либроком».

Эриксон, М. (1901). Мой голос останется с вами (My Voice Will Go With You) Эриксондық гипноз: Таңдамалы еңбектер» (Collected Papers of Milton H. Erickson on Hypnosis).

Этнос және тіл. (n.d.) URL: https://adebiportal.kz/kz/news/view/etnos-zane-til__23802

Жүктеулер

Жарияланды

2025-10-03

Журналдың саны

Бөлім

Қазақ тіл білімі

Ұқсас мақалалар

11-20 тен 54

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.