Профессор Р.С. Әмірдің еңбектері қазіргі оқу үдерісінде

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.71078/8gz81431

Түйін сөздер:

құрмалас сөйлем, құзыреттілік, коммуникативтік талап, оқу нәтижелері, синтаксистік құрылым, Блум таксономиясы

Аңдатпа

Заманауи білім беруді жаңғырту жағдайында оқытудың құзыреттілік нәтижелерін қалыптастыруға ерекше назар аударылады. Оқу пәндері білімге,  дағдыларға бағытталған нәтижелерге қойылатын талаптар негізінде құрылады.

Мақала профессор Р.С. Әмірдің «Қазақ филологиясы» мамандығы бойынша бағдарлама шеңберінде «Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемдер жүйесі» курсын дамытуға қосқан үлесін қарастыруға арналған. Негізгі идеялар оқулықтың заманауи білім беру талаптарына сәйкестігін көрсету.

«Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемдер жүйесі» оқулығы (2014) когнитивтік, функционалдық және жүйелік құзыреттілікке қойылатын талаптарға сәйкес келетін негізгі дереккөзге айналды. Оқулық бакалавриат студенттерінің материалды жоғары деңгейде меңгеруін қамтамасыз етеді.

Күтілетін нәтижелер: күрделі сөйлемдердің түрлері, олардың құрылымы мен қызметі туралы негізгі білімді қалыптастыру; тілдік материалды талдау, салыстыру, синтездеу дағдыларын дамыту; сөйлеуін түрлі сөйлеу жағдаятына сәйкес дұрыс құрастыру т.б.

Зерттеу профессор Р.С. Әмірдің көзқарасы заманауи лингводидактикалық талаптарға сәйкес екенін және оқу курстарын құрастыру кезінде негізгі теориялық еңбек бола алатынын растайды.

Автор туралы мәлімет

  • Ләззат Әлімтаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Әдебиеттер тізімі

Бершадская, Ю. К. (2018, мамыр). Индикаторы, опыт разработки и применения критериев оценивания [PDF-файл]. Семинар АКУР. https://knastu.ru/media/files/page_files/teachers/Bershadskaya_UK_-_indikatory_opyt_razrabot._tsenivaniya_Seminar_AKUR_05.2018.pdf

Әмір, Р. С., & Әмірова, Ж. Р. (2014). Қазіргі қазақ тілі: Құрмалас сөйлемдер жүйесі. Алматы: Қазақ университеті.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-21

Журналдың саны

Бөлім

Тіл мен әдебиетті оқыту әдістемесі

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 12

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.