Абай туған қасиетті мекен топонимдерінің этимологиясы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.71078/50m9rq93

Түйін сөздер:

топоним, этимология, киелі орындар, түркі тілі, моңғол тілі, антротопоним, гидроним

Аңдатпа

Мақалада Абай Құнанбайұлының туған өлкесінің топонимдерінің этимологиялық негіздері ғылыми тұрғыда талданады. Зерттеу барысында ұлы ойшылдар Абай, Шәкәрім және Мұхтар сынды үш алыпты дүниеге әкелген қасиетті Шыңғыстау өңірінің жер-су атауларына тілдік талдау жасалып, олардың шығу төркіні мен семантикалық мәні айқындалады. Авторлар М.Қашқари сөздігіндегі деректерге сүйене отырып, Шыңғыстау бөктеріндегі топонимдердің тарихи-лингвистикалық табиғатын зерделейді.

Мақалада келтірілген кейбір жер атауларының моңғол тілінен енгені анықталып, бұл құбылыс түркі және моңғол тілдерінің тарихи туыстығын дәлелдейтін маңызды тілдік дерек ретінде қарастырылады. Зерттеу нәтижесінде өңір топонимдерінің көпшілігі көне түркі және моңғол тілдеріндегі ортақ лексемалармен сабақтас екені көрсетіледі.

Мақала AP 26199899 «Шығыс Қазақстанның әдеби және лингвистикалық туризмінің аймақтық интеграциясы: топонимдердің этимологиясы мен мекендік аңыздарды цифрландыру»  атты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі бекіткен мақсатты бағдарламалық жоба аясында жазылды.

Автор туралы мәлімет

  • Б.Н. Бияров, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

    филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

  • Ж.Қ. Қайырбаева, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

    магистр, аға оқытушы,

Әдебиеттер тізімі

Аманжолов, С. (1997) Вопросы диалектологии и истории казахского языка. Учебное пособие. 2-издание, дополненное. Алматы. Санат.

Базылхан, Б. (1987). Монғол-казах толь. Улаанбаатар. Өлгий.

Болатов, Ж. (1963). Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері. Алматы. Қазақ ССР Ғылым академиясының баспасы.

Жанұзақ, Т. (2010). Тарихи жер-су аттарының түптөркіні. Алматы. Сөздік-словарь.

Исабаев, Б. (2001) Ұлылар мекені. Новосибирск. Наука.

Қайыржан, К. (2013). Сөз – сандық: Қазақтың көне сөздері. Алматы. Өнер.

Қашқари, М. (1997) Түрік тілінің сөздігі (Диуани лұғат-ит-түрк): 3 томдық шығармалар жинағы / ауд. А.Егеубай. Алматы. ХАНТ.

Қойшыбаев, Е. (1985). Қазақстанның жер-су аттары сөздігі. Алматы. Мектеп.

Севортян, Э.В. (1974) Этимологический словарь тюркских языков (Общетюркские и межтюркские основы на гласные). Москва. Наука.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-26

Журналдың саны

Бөлім

Түркітану

Ұқсас мақалалар

41-48 тен 48

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.