Ертегі мәтініндегі мифологиялық концептосфераларды жүзеге асыру
DOI:
https://doi.org/10.71078/kzf8kx70Түйін сөздер:
ертегі, мифология, мифологема, концептосфера, түркі мифологиясыАңдатпа
Бұл мақалада фольклорлық ертегілер мәтініндегі мифологиялық концептосфералардың жүзеге асуы қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – ертегі дискурсында көрініс табатын мифологиялық концептуалды бірліктерді анықтау және олардың ұлттық дүниетанымдағы семантикалық, мәдени-танымдық ерекшеліктерін сипаттау. Зерттеудің негізгі бағыты ағылшын, қазақ, қарақалпақ және өзбек халықтарының мифологиялық түсініктерін салыстыра отырып, мифологемалардың тілдік және мәдени мазмұнын айқындауға бағытталған. Зерттеудің ғылыми маңызы мифологиялық концептосфералардың тілдік бірліктер арқылы берілу ерекшеліктерін ашумен, ал практикалық маңызы фольклор мәтіндерін лингвомәдени және салыстырмалы зерттеулерде пайдалануға мүмкіндік беруімен сипатталады. Зерттеу барысында сипаттау, салыстырмалы-салғастырмалы, концептуалдық талдау және лингвомәдени талдау әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижесінде Mástan/Maston, Jalmao‘ız/Yalmog‘iz, Jeztırnaq/Jestirnoq, Súrel/Sórel, Kuyańqı/Kóńayaq, Albaslı/Albasti тәрізді мифологиялық бірліктердің әйел, еркек, жас санаты, күш, діни сипат және жағымды/жағымсыз коннотациялар тұрғысынан әртүрлі жүзеге асатыны анықталды. Сонымен қатар, мифологиялық концептосфералық бірліктердің түбірі ортақ халықтарда ұқсас болғанымен, олардың ұлттық тілдік және мәдени ландшафттағы вербализациясы мен семантикалық мазмұны әртүрлі болуы мүмкін екені көрсетіледі. Зерттеу нәтижелері мифологиялық концептосфералардың халықтың тарихи жадын, дүниетанымын және ұлттық мәдени ерекшеліктерін танытатын маңызды тілдік құрал екенін көрсетеді.
Әдебиеттер тізімі
Курманаева, А., & Баятұлы, Е. (2021, 28 сәуір). Қазақ мифтік кейіпкерлерінің синхрондық классификациясы. Әдебиет порталы. https://adebiportal.kz/kz/news/view/23346
Пропп, В. Я. (1969). Морфология сказки. (2-е изд.). Наука.
Dragon. (n.d.). In Wikipedia. Retrieved October 18, 2026, from https://en.wikipedia.org/wiki/Dragon
Kdırbaeva, G. (2023). Numerativ birliklar lingvomadaniy xususiyatlari. Quality of Teacher Education Under Modern Challenges, 1(1), 967–969.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Г. Кдырбаева (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.