Дулат пен Абай шығармаларындағы әдеби көркемдеу құралдарының сабақтастығы
DOI:
https://doi.org/10.71078/8zay8805Түйін сөздер:
эпитет, метафора, теңеу, гипербола, риторикалық сұрақ, ирония, көркемдік тәсілдер, әдеби сабақтастықАңдатпа
Бұл мақалада қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері – Дулат Бабатайұлы мен Абай Құнанбайұлы шығармаларындағы әдеби көркемдеу құралдарының қолданылу ерекшеліктері мен арасындағы сабақтастық талданады. Екі ақынның да туындылары терең мазмұнымен, ұлттық болмыс пен заман шындығын бейнелеудегі көркемдік шеберлігімен ерекшеленеді. Зерттеу барысында олардың қолданған троптары мен фигуралары – эпитет, метафора, теңеу, гипербола, риторикалық сұрақ, ирония сынды көркемдік тәсілдер сараланып, ұқсастықтары мен айырмашылықтары айқындалады. Сондай-ақ, Дулат поэзиясындағы дәстүрлі көркемдік үрдістердің Абай шығармашылығында қалай дамып, жаңаша сипат алғаны да назарға алынады. Жұмыс нәтижесінде қазақ поэзиясындағы көркемдік эволюция мен әдеби сабақтастықтың маңызды қырлары ашылады.
Әдебиеттер тізімі
Ахметов, З. (2000). Өлең сөздің теориясы. Алматы. Ғылым.
Бабатайұлы, Д. (1991). Замана сазы: Өлеңдер мен дастандар. Құраст. және баспаға әзірлеген Қ. Өмірәлиев. Алматы. Жазушы.
Дәуітов, С. (құраст.). (1993). Зар заман: Жыр-толғаулар. Алматы. Жалын.
Құнанбайұлы, А. (2002). Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Т.1: Өлеңдер мен аудармалар. Алматы. Жазушы.
Сыздықова, Р. (1992, желтоқсан 25). Дулатты танып болдық па? Қазақ әдебиеті.
Сыздықова, Р. (1995). Абайдың сөз өрнегі (Монография). Алматы. Санат.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Э.К. Пертаева (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.