Материалдарды жіберу
Авторларға арналған нұсқаулық
Авторларға арналған ақпарат
Журналда материалдарды жариялау Open Journal System, онлайн жіберу және рецензиялау жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Корреспонденция авторы журналға жариялау үшін ілеспе хат ұсынуға міндетті.
Авторларға арналған талаптар:
- Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық бірлестігінің «Құтты білік» журналының редакциялық алқасы ғылыми бағыттары бойынша бұрын жарияланбаған мақалаларды қабылдайды (сайтта көрсетілген). Мақала электрондық форматта (.doc, .docx, .rtf форматтарында) ТЕК журнал сайтының функционалымен жүктеу арқылы ұсынылады (Open Journal System).
- Қаріп кеглі – 12 (аңдатпа, түйін сөздер, әдебиет – 10, кестелердің мәтіні – 9-11), қаріп – Times New Roman, туралау – мәтіннің ені бойынша, интервал – бірыңғай, абзац шегінісі – 0,8 см, шеттері: жоғары және төменгі – 2 см, оң және сол жақ – 2 см.
- Суреттер, кестелер, сызбалар, диаграммалар және т.б. нөмірленуі мен атауы көрсетіле отырып, тікелей мәтінде ұсынылады (мысалы, 1-сурет – сурет атауы). Суреттер, кестелер, сызбалар және диаграммалар саны мақаланың барлық көлемінің 20%-нан аспауы тиіс (кейбір жағдайларда 30%-ға дейін).
- Мақаланың көлемі (атауын, авторлар туралы мәліметтерді, аңдатпаларды, түйінді сөздерді, библиографиялық тізімді есепке алмағанда) 3 000 сөзден кем болмауы және 7 000 сөзден аспауы тиіс.
- Авторлар МІНДЕТТІ түрде Open Journal System жүйесіндегі ілеспе хатта жолданатын мақала/қолжазба бұрын еш жерде жарияланбағанын және мақалада оларға сілтемесіз басқа жұмыстардан алынған мәтін үзінділері жоқ екенін көрсетуі тиіс.
- Мақаланы жариялау үшін ақы төлеу тәртібі мен құнын баспа үйі белгілейді және автор сыртқы рецензенттер, ғылыми редактор мақұлдағаннан кейін ақы төлеуді жүргізеді.
Мақаланың құрылымы (мақаланы рәсімдеу үшін ҮЛГІ-ні қолданыңыз):
Алғашқы беті:
- Алғашқы жол – ҒТАМР нөмірі (ерекше жағдайларда ӘОЖ), туралау – сол жағы бойынша, қаріп – жартылай қалың (қараңыз http://grnti.ru).
- Мақала тақырыбы мәтіннің мәні мен мазмұнын көрсетіп, оқырман назарын аударуы керек. Тақырып қысқа, мазмұнды болуы керек және жаргон, қысқартулар болмауы керек, көлемі 5-7 сөзден тұрады (кейбір жағдайларда 12 сөзге дейін). Мақала тақырыбы қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде (қажетіне қарай) қою, кіші әріптермен, жолдың ортасында беріледі.
- Мақала автор(лар)ының – аты-жөні, тегі, жұмыс орны көрсетіледі (Ескертпе: ЖОО-ның толық атауы көрсетіледі), мемлекет, қала атауы ретін сақтай беріледі.
- Егер бірнеше автор бір университеттен болса, нөмірлеу керек емес, әртүрлі университеттен болған жағдайда ғана нөмірлеу қажет болады.
- Қала, мемлекет – қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде (қажетіне қарай); электрондық пошта жазылады. Авторлар туралы ақпарат әдеттегі кіші қаріппен, жолдың ортасына туралау арқылы беріледі.
- Төменде ортасына ORCID, ID сілтемесі көрсетіледі. (Тіркелу үшін нұсқаулық – тіркелген файлдарда https://orcid.org/);
- Андатпа көлемі қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде кемінде 160 сөз, 300 сөзден аспайтын, 10 кегльмен болуы тиіс.
- Аңдатпа құрылымы мына тармақтарды қамтиды:
- Кіріспе.
- Ғылыми зерттеудің мақсаты, негізгі бағыттары және идеялары.
- Жұмыстың ғылыми және практикалық маңызының қысқаша сипаттамасы.
- Зерттеу әдіснамасының қысқаша сипаттамасы.
- Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері мен талдаулары, қорытындылары.
- Жүргізілген зерттеудің құндылығы (осы жұмыстың тиісті білім саласына қосқан үлесі болса).
- Жұмыс қорытындысының практикалық мәні.
- Түйін сөздер / сөз тіркестер – саны 5-6, қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде.
Келесі бет:
- Кіріспеде тақырып таңдау, мәселенің өзектілігі, зерттеу мақсаты негізделеді. Алдыңғы ғылыми еңбектердің тәжірибесін сипаттау арқылы, ғылыми шешімін таппаған мәселенің болуы туралы жазылады (зерттеулердің болмауы, жаңа нысанның пайда болуы және т.б.). Тақырыптың өзектілігі осы нысанның зерттелуіне нақты мән берумен, тақырыптың теориялық немесе практикалық маңыздылығымен; нысанды, пәнді, мақсаттарды, міндеттерді, әдіс-тәсілдерді, ғылыми болжамды көрсетумен анықталады.
- Зерттеудің мақсаты зерттеу тақырыбы аясында, автор таңдаған бағытпен сәйкес нақты жазылады.
- «Зерттеу әдістемесі» бөлімі материалдар мен жұмыс барысын сипаттаудан, сондай-ақ пайдаланылған әдістердің толық сипаттамасынан тұруы тиіс.
- Зерттеу деректерінің сипаттамасы оның сапалық және сандық жағынан көрсетілуін қамтиды. Деректердің сипаттамасы – тұжырымдар мен зерттеу әдістерінің дұрыстығын анықтайтын факторлардың бірі.
- Бұл бөлімде мәселенің зерттелу дәрежесі сипатталады, бұрын жарияланған, белгіленген рәсімдерді қайталамай толық ақпарат беріледі; деректер мен әдістерді пайдалану кезінде жаңалық енгізе отырып, материалдарды сипаттау, жаңаша зерделеу жазылады.
- Ғылыми әдістеме мыналарды қамтиды:
– зерттелетін мәселе;
– көтеріліп отырған болжам (тезис);
– зерттеу кезеңдері;
– зерттеу әдістері;
– зерттеу қорытындылары.
- «Тақырыптың зерттелу дәрежесі» бөлімінде отандық және шетелдік авторлардың іргелі және жаңа жұмыстары, оларды авторлардың ғылыми үлесі тұрғысынан талдау, сондай-ақ автор өз жұмысында зерттеудегі олқылықтарды көрсете отырып, толықтырудың жолдарын қамтуға тиіс. Жұмысқа қатысы жоқ көптеген сілтемелердің болуына ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ.
- «Нәтижелер мен талқылау» бөлімі сіздің зерттеу нәтижелеріңізді талдауға және талқылауға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында алынған нәтижелер туралы қорытынды беріледі, негізгі мәні ашылады. Бұл мақаланың маңызды бөлімдерінің бірі, онда зерттеу жұмысының нәтижелері талданып, сәйкес нәтижелері алдыңғы жұмыстармен, оның қорытындыларымен салыстыра қарастырылады.
- Қорытынды, тұжырымдар– осы кезеңдегі жұмыс нәтижелерін қорыту; автор тұжырымының анықтығы, нақтылығы және алынған ғылыми нәтижелерді ескере отырып, өзіндік қорытынды жасауы. Қорытынды жалпылама болмауы керек, оларды белгілі бір ғылыми саладағы зерттеу нәтижелерін қорытындылау үшін, ұсыныстарды немесе одан әрі жұмыс істеу мүмкіндіктерін сипаттай отырып қолдануға болады.
- Қорытындыда мынадай тармақтар болуы тиіс: зерттеудің мақсаттары мен әдістері қандай болды; зерттеудің нәтижелері мен қорытындылары; зерттеудің келешегі және әзірлеуді енгізу, қолдану мүмкіндіктері.
- Пайдаланған әдебиеттер тізімінде кемінде 15 зерттеу атауы болуытиіс; оның 30-50% – ағылшын тіліндегі көздерден болғаны жөн. Әдебиеттер тізімінде кириллицада ұсынылған жұмыстар болған жағдайда, әдебиеттер тізімін екі нұсқада ұсыну қажет: біріншісі – түпнұсқада, екіншісі – романизацияланған алфавитпен (транслитерация).
- МЕМСТ1-2003 сәйкес қазақ және орыс тілдеріндегі әдебиеттер тізімін рәсімдеу «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар және құрастыру ережелеріне» (БжҒСБК тізімдемесіне енетін жарияланымдарға талаптар) сәйкес жүзеге асады.
- Романдалған әдебиеттер тізімін рәсімдеу мынадай болуы керек: автор(лар) (транслитерация - http://www.translit.ru) → (жақшадағы жыл) → транслитерацияланған нұсқадағы мақала атауы [мақала тақырыбын ағылшын тіліне төрт бұрышты жақшаға аудару], орыс тіліндегі дереккөздің атауы (транслитерация немесе ағылшын атауы - бар болса), ағылшын тілінде басылған шығыс деректері.
Мысалы: Baitursynov A. (2003). Adebiet tanytkysh [Literary critic]. Research and poems. Almaty: Atamura. – 208 p. (In Kazakh)
- Әдебиеттер тізімі әліпби тәртібімен, ТЕК мәтінде келтірілген жұмыстарға сәйкес ұсынылады.
- Әлеуметтік-гуманитарлық бағыт болғандықтан, әдебиеттердің, сондай-ақ ағылшын (басқа шет) тіліндегі дереккөздердің романдалған тізімін рәсімдеу стилі – American Psychological Association (http://www.apastyle.org/).
- Назар аударыңыз! Әліпби тәртібімен авторлардың тегі көрсетіледі (аты-жөнінен кейін үтір бас әріптердің алдына қойылмайды); тегінен кейін дөңгелек жақшада басылымның шыққан жылы көрсетіледі, төртбұрышты жақшада атаудың ағылшын тіліне аудармасы көрсетіледі. Барлық сызықшалар мен қиғаш сызықтарды алып тастау керек (яғни бөлу белгілерін). Сілтеменің соңында егер дереккөз қазақ тілінде болса (in Kazakh), және егер дереккөз орыс тілінде болса (In Russian) және т.б. көрсетіледі.
Бұл бөлімде мыналарды ескеру қажет:
- негізгі ғылыми жарияланымдар, ғылымның осы саласында қолданылатын және автордың жұмысы негізделген озық зерттеу әдістері келтіріледі;
- шамадан тыс өзіңізге сілтеме жасаудан аулақ болыңыз:
- шетелдік авторлардың жарияланымдарына сілтемелер жасау ұсынылады;
- библиографиялық тізімде зерттеу тақырыбы бойынша танымал шетелдік ғалымдар жариялаған қазіргі заманғы ғылымға қатысты іргелі еңбектер болуы ұсынылады;
- әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы мәтінге сілтемелер сілтеменің ішінде жақтың ішінде бірінші авторы, шыққан жылы көрсетілген: бет(тер) саны көрсетілген. Мысалы, (Сыздық, 1991: 25). Егер әдебиеттер тізімінде бір автордың сол жылы жарияланған бірнеше жұмыстары болса, шыққан жылына «а», «б» әрпі және т.б. Мысалы, (Уәли, 2001а: 15), (Уәли, 2001б, 22).
- Әдебиеттер тізімі тек ғылыми индекстелетін басылымдардан (ғылыми журналдардағы мақалалар, ғылыми жинақтардағы мақалалар, ғылыми редакциясы мен рецензиясы бар электрондық деректер базасындағы мақалалар: монографиялар; ғылыми жинақтар; ғылыми редакциясы және ғылыми түсініктемелері бар әдеби басылымдар) тұруы тиіс екендігіне назар аударамыз. Егер әдебиеттер тізімінде көрсетілген басылымның DOI номері болса, міндетті түрде көрсетілуі керек.
- Дереккөздердің барлық басқа түрлері беттік автоматты ескертпелермен (ескертпелердің нөмірленуі әр бетте 1-ден басталуы керек) беріледі: диссертациялар, диссертациялардың авторефераттары, ғылыми редакциясы жоқ конференция материалдарының жинақтарындағы мақалалар (оның ішінде «мақалалар авторлық редакцияда жарияланады» деген белгісімен), БАҚ-тағы мақалалар (баспа және электрондық); әртүрлі басылымдардағы ресми құжаттардың мәтіндері (жарлықтар, бұйрықтар, қаулылар, бағдарламалар және т.б.), ұйымдардың ресми интернет-ресурстарында жарияланған құжаттар; әртүрлі жұмыстардың мәтіндері (көркем, публицистикалық); әлеуметтік желілердегі хабарламалар және т.б.
- Мұрағаттық құжаттардың шығыс деректерінің барлық қысқартулары үтірмен бөлініп, кіші әріптермен белгіленеді (ГА, ф. 4, д. 2, л. 16). Олар әдебиеттер тізбесіне кірмейді.
Мақаланы рәсімдеу соңында мақаладағы барлық белгілерден кейін, әсіресе әдебиеттер тізімінде (нүктелер, үтірлер, сызықшалар, қос нүктелер, қиғаш сызықтар мен жақшалардан кейін) бос орындардың болуын тексеруді сұраймыз. Бүкіл мәтінді таңдаңыз. Қаріп түймесін басыңыз, Times New Roman, өлшемі 12, мәтіннің түсі Авто, астын сызу жоқ. Абзац батырмасын басыңыз, шегіністер 0, 0; интервалдар 0, 0; жоларалық – бірыңғай.
Ескерту: мақалада қалың қаріпті қолдануға және астын сызуға рұқсат етілмейді, тек курсивке рұқсат етіледі.
Мақаланың төменгі жағында жоғары оқу орны, ғылыми дәрежесі, атағы (бар болса) және лауазымы, байланыстары тағы бір рет көрсетіледі.
Библиографиялық сілтемелерді рәсімдеу үшін Mendeley Reference Manager құралын пайдалана аласыз. Әдебиеттер тізімінде екі әдебиет ағылшын тіліндегі еңбектерден және үш әдебиет Scopus базасындағы мақалалардан сілтеме жасалуы керек.
Сайт арқылы (Open Journal System жүйесіндегі) мақаланың екі нұсқасы жіберілу керек. Бірінші файлда авторлардың аты-жөні мен мәліметтері көрсетілген толық мақала мәтіні болады, файл бірінші автордың тегімен аталады (Sarsenbay.doc немесе Sarsenbay.docx немесе Sarsenbay.rtf), рецензиялау үшін екінші файлда мақала авторлары мен жеке мәліметтері көрсетілмейді және файл мақала атауының бірінші сөзімен аталады (Qazirgi qoldanystagy.doc).
Мақала жариялау құны – 3000 теңге
Реквизиттер:
Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық бірлестігі
Индекс 010000
Мекенжай: Астана қаласы, Қабанбай батыр 53
БИН 171240024773
КБЕ 16
АО «Народный Банк Казахстан»
ИИК KZ026017111000023908 – теңге
БИК HSBKKZKX
Материалды редакцияға жіберер алдындағы дайындық тізімі
##default.contextSettings.checklist##Түркітану
Политика раздела по умолчанию
Құпиялық туралы мәлімдеме
Электронды журналға енгізілген атаулар мен электрондық пошта мекенжайлары тек қана осы журналда айқындалған мақсаттар үшін ғана пайдаланылады