Өзен – өмір концептісі: «Атау кере» повесін оқытудағы ұлттық  таным

Авторлар

  • Д.А. Сатемирова Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Автор
  • А.Н. Чакиртова Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Автор

DOI:

https://doi.org/10.71078/0ze04494

Түйін сөздер:

Оралхан Бөкей шығармашылығы, өзен концептісі, ұлттық дүниетаным, көркем бейне, әдеби талдау, оқыту әдістемесі

Аңдатпа

Бұл мақалада Оралхан Бөкейдің «Атау кере» повесіндегі өзен бейнесі «өмір концептісі» тұрғысынан қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – көркем мәтіндегі өзен образын ұлттық дүниетаныммен байланыстыра талдау және оны оқыту әдістемесін ұсыну. Мақалада өзен тек табиғат элементі емес, адам өмірі, тағдыры және рухани болмысымен сабақтас символдық бейне ретінде сипатталады. Қазақ халқының дәстүрлі танымындағы «Жер-Су» ұғымы арқылы табиғаттың киелі мәні ашылып, оның көркем шығармадағы көрінісі талданады. Сонымен қатар, өзен бейнесінің философиялық, психологиялық және танымдық қырлары қарастырылып, адам мен табиғаттың біртұтас жүйе екендігі дәлелденеді. Зерттеу барысында когнитивтік талдау, мәтіндік интерпретация және салыстырмалы әдістер қолданылды. Нәтижесінде, «өзен – өмір» концептісі оқушылардың дүниетанымын кеңейтетін маңызды құрал екені анықталды. Ұсынылған әдістер әдеби шығарманы терең түсінуге және ұлттық құндылықтарды меңгертуге мүмкіндік береді.

Әдебиеттер тізімі

Ақатаев, С. (1990). Күн мен көлеңке: ғылыми-танымдық аңсар. Алматы: Жалын.

Балтабаева, Г. (2024). Оралхан шыңы: Көркем әдебиет. Алматы: Керемет медиа.

Бөкей, О. (2013). Шығармалары: Роман, повестер. Алматы: Ел-шежіре.

Бітібаева, К. (1997). Әдебиетті оқыту әдістемесі. Алматы: Рауан.

Дүйсенбаев, А. (2018). Педагогика. Астана: Фолиант.

Төлеубаев, Ә. (2013). Қазақ халқының табиғат мінажаты және емдеу магиясы (1-том). Алматы.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-04-04

Журналдың саны

Бөлім

Қазақ тіл білімі

Ұқсас мақалалар

61-70 тен 83

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.