Қазақ және ноғай тілдерінің ортақ лексикасы: салыстырмалы-тарихи аспект

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.71078/cf1fg159

Түйін сөздер:

түркі тілдері, ноғай тілі, түркілік бірліктер, семантизация, салыстырмалы әдіс, лексика-семантикалық тәсіл

Аңдатпа

Мақалада түркі тілдерінің классификациясы бойынша қыпшақ бұтағына кіретін қазақ және ноғай тілдері қарастырылды. Аталған тілдердегі ортақ атауларға лексика-семантикалық талдау жасалып, өзіндік ерекшеліктері айқындалды. Тіл білімінің салыстырмалы-тарихи бағытының аясын кеңейту мақсатында қарастырылып отырған зерттеуіміз түбі бір түркі тілдерінің семантизация, этимология салалары үшін де зор маңызға ие. Тарихи даму барысында бір-бірімен тығыз байланыста болған ноғай-қазақ тілдерінің тілдік бірліктері арқылы грамматикалық, фонетикалық жүйелері ұқсас екенін байқаймыз. Тарихи эпостық жырлардың тіліндегі қару-жарақ атаулары, діни ұғымдар, мал атаулары, тұрмыстық бұйымдар атаулары, кейбір дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары секілді т.б. лексикалық қабаты бір-біріне жақындығын дәлелдеп отыр. Түрлі тарихи-экономикалық жағдайлар мен аумақтық қашықтық әсерінен бүгінде тілдердің бір-бірінен алыстап кеткендігі белгілі. Тіпті өзге туыс емес тілдердің ерекшеліктерін бойына қабылдап алғанын да зерттеулер көрсетіп отыр. Алайда түбі бір түркілік тілдердің табиғаты өзінің негізін сақтап қалған. Осы негіздік белгілер бізге ғылыми зерттеулерге жол ашады. Ұқсас тілдердегі ортақ сөздер арқылы тілдер табиғаты ашылып, қойнауындағы жасырын тілдік ақпараттар арқылы бүгінгі тіл саласының қорын байыта аламыз.

Автор туралы мәлімет

  • А.Х. Асенова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    PhD, аға оқытушы

Әдебиеттер тізімі

Баскаков, Н.А. (1940). Ногайский язык и его диалекты: Грамматика, тексты и словарь. Издательство Академии наук СССР.

Валиханов, Ч.Ч. (1961). Собрание сочинений (Т. 1). Алматы.

Қазақ әдеби тілінің сөздігі (Т. 3). (2011). Б. Сүйерқұлова, Т. Жанұзақ, О. Жұбаева және т.б. (Құраст.). Алматы.

Құрышжанов, Ә. (1964). Орхон-Енисей жазуы ескерткіштерінің зерттелу тарихы мен грамматикалық очерктері: Көмекші құрал. Алматы.

Момынова, Б. (2011). Қазақ әдеби тілінің тарихы. Қазақ университеті.

Ногайско-русский словарь. (1963). Н. А. Баскаков (Ред.). Москва.

Өмірәлиев, Қ. (2010). Көне түркі әдеби ескерткіштері туралы зерттеулер. Арыс.

Салқынбай, А. (1991). Қазіргі қазақ тіліндегі -у тұлғалы қимыл есімінің семантикасы мен функциясы (Кандидаттық диссертация). Алматы.

Сикалиев, И.М. (1994). Ногайский героический эпос. Кчиги.

Сыздық, Р. (2004). Қазақ әдеби тілінің тарихы. Арыс.

Томанов, М.Т. (1992). Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. ҚазМҰУ.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-07-04

Журналдың саны

Бөлім

Түркітану

Ұқсас мақалалар

21-30 тен 80

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.