Т. Шонанұлының қазақ тілін оқыту әдістемесі жайында
DOI:
https://doi.org/10.71078/04tt5k76Түйін сөздер:
ұлттық құндылық, лингводидактика, әдістеме, тіл дамыту, фонологияАңдатпа
Мақалада Алаш қозғалысының көрнекті өкілі, лингвист-ғалым Телжан Шонанұлының ғылыми-педагогикалық мұрасы мен әдістемелік концепциясы қазіргі тәуелсіз Қазақстанның білім беру парадигмалары тұрғысынан жаңаша бағамдалады. Зерттеудің мақсаты – ғалымның қазақ тілін ана тілі және екінші тіл ретінде оқытудың ғылыми негіздерін қалыптастырудағы рөлін айқындау. Жұмыстың негізгі идеясы Т.Шонанұлының «Тіл дамыту» және «Орыстарға қазақ тілін үйрету әдісі жайында» еңбектеріндегі функционалдық, практикалық және отаршылдыққа қарсы бағыттарды кешенді ашуға негізделген.
Зерттеу барысында жүйелілік, тарихи, салыстырмалы-салғастырмалы (компаративистік) талдау және лингводидактикалық модельдеу әдістері қолданылып, ғалымның оқулықтарындағы жаттығулар жүйесі мен фонологиялық оппозициялары сараланды. Жұмыстың ғылыми маңызы ХХ ғасырдың 20–30 жылдарындағы қазақ лингводидактикасы мен тарихнамасының даму заңдылықтарын жүйелеумен анықталады. Мақаланың практикалық құндылығы жоғары, өйткені ұсынылған тұжырымдар мен лингводидактикалық модельдер қазіргі мектеп оқулықтарын әзірлеуде, мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарында және жоғары оқу орындарының арнайы семинарларында тікелей қолданбалы ресурс ретінде пайдаланыла алады.
Әдебиеттер тізімі
«Қазақ» газеті. (1917, 23 желтоқсан). (1917 жылғы Жалпықазақ сиезі материалдары).
Тәкенов, Ә., & Байғалиев, Б. (1991, 16, 20 наурыз). Ғалымдарымыз Телжан Шонанұлы еңбектерін назардан тыс қалдырып келеді. Социалистік Қазақстан.
Шонанұлы, Т. (1990, желтоқсан). Әдістемелік (методикалық) еңбектері. «Өркен» газеті.
Шонанұлы, Т. (1934). Қазақ тілінің оқу құралы
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Д.Ж. Мейранбек, С.С. Шокабаева (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.