М. Қашқари – түрк әлемінің тұңғыш ғылыми энциклопедиясын түзуші

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.71078/smapc950

Түйін сөздер:

Махмұт Қашқари, түркі тілдері, ортағасырлық түркі жазба ескерткіштері, ортақ түркілік дүниетаным, түркі мәдениеті, салыстырмалы грамматика

Аңдатпа

Мақалада Махмұт Қашқаридің «Диуани луғат ит-түрк» («Түркі тілдерінің сөздігі») еңбегінің ғылыми маңызы талданады. М.Қашқари – алғашқы ғылыми энциклопедияның авторы және түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасының негізін қалаушы. Мақалада М.Қашқари мұрасын зерттеудің тек түркі әлемінің тарихы үшін ғана емес, сонымен қатар оның болашақ дамуы мен бірлігі үшін де маңызды екендігі ерекше атап көрсетіледі. Мақалада М.Қашқаридің түркі қоғамына тарихи тұрғыда әсер еткен жаңашыл идеялары мен теориялары жан-жақты қарастырылады. Ғалымның «Сөздікте» қырғыз, қазақ, оғыз, тоқсы, яғма, чігіл, оғрақ және жаруқ тайпалары тек түркі тілдерінде сөйлейді деген тұжырымдарына, сондай- ақ иймақ және башқұрт тілдерінің түркі тілдеріне жататындығы және Рум жерінде қолданылатын булгар, суар және бажанақ тілдеріндегі сөздердің соңғы буындары қысқартылған түркі тілі формасын білдіретіні туралы пікірлеріне ғылыми талдау жасалады. Сонымен қатар, мақалада М.Қашқаридің идеяларының қазіргі түркі тілдері эволюциясы үшін өзектілігі анықталады. Сөз түбірлерінің өзгеруінің өте сирек екендігі, ал ондай өзгерістердің негізінен жекелеген дыбыстардың алмасуына байланысты екеніні көрсетіледі. Сонымен бірге, түркі тілдеріндегі түбір сөздердің мағыналық байлығы мен олардың өзгеру ерекшеліктеріне қатысты М.Қашқаридің талдауларының дыбыстық ауыспалылық заңдылықтарына негізделгені айқындалады.

Автор туралы мәлімет

  • А.Б. Салқынбай, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    филология ғылымдарының докторы, профессор

Әдебиеттер тізімі

1. Қашқари М. Түрік тілінің сөздігі. (Диуани луғат-ит түрік) Үш томдық шығармалар жинағы. Қазақ тіліне аударған, алғы сөзі мен ғылыми түсініктерін жазған А. Егеубаев – Алматы: Хант., 1997.

2. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. Тәржімалағандар: Қ. Бекетаев, Ә. Ибатов. – Алматы: Ана тілі, 1993.

3. Кошгарий Махмуд. Туркий сузлар девони. (Диуани луғат-ит түрік). Тәржімалаған С.М. Муталлибов. – Тошкент: Уз ССР ФА нашриети, 1960. 1-том, 1961 – 2-том. 1963 – 3-т-том.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-09

Журналдың саны

Бөлім

Түркітану

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 24

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.