Профессор Р.С. Әмірдің еңбектері қазіргі оқу үдерісінде
DOI:
https://doi.org/10.71078/8gz81431Түйін сөздер:
құрмалас сөйлем, құзыреттілік, коммуникативтік талап, оқу нәтижелері, синтаксистік құрылым, Блум таксономиясыАңдатпа
Заманауи білім беруді жаңғырту жағдайында оқытудың құзыреттілік нәтижелерін қалыптастыруға ерекше назар аударылады. Оқу пәндері білімге, дағдыларға бағытталған нәтижелерге қойылатын талаптар негізінде құрылады.
Мақала профессор Р.С. Әмірдің «Қазақ филологиясы» мамандығы бойынша бағдарлама шеңберінде «Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемдер жүйесі» курсын дамытуға қосқан үлесін қарастыруға арналған. Негізгі идеялар оқулықтың заманауи білім беру талаптарына сәйкестігін көрсету.
«Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемдер жүйесі» оқулығы (2014) когнитивтік, функционалдық және жүйелік құзыреттілікке қойылатын талаптарға сәйкес келетін негізгі дереккөзге айналды. Оқулық бакалавриат студенттерінің материалды жоғары деңгейде меңгеруін қамтамасыз етеді.
Күтілетін нәтижелер: күрделі сөйлемдердің түрлері, олардың құрылымы мен қызметі туралы негізгі білімді қалыптастыру; тілдік материалды талдау, салыстыру, синтездеу дағдыларын дамыту; сөйлеуін түрлі сөйлеу жағдаятына сәйкес дұрыс құрастыру т.б.
Зерттеу профессор Р.С. Әмірдің көзқарасы заманауи лингводидактикалық талаптарға сәйкес екенін және оқу курстарын құрастыру кезінде негізгі теориялық еңбек бола алатынын растайды.
Әдебиеттер тізімі
Бершадская, Ю. К. (2018, мамыр). Индикаторы, опыт разработки и применения критериев оценивания [PDF-файл]. Семинар АКУР. https://knastu.ru/media/files/page_files/teachers/Bershadskaya_UK_-_indikatory_opyt_razrabot._tsenivaniya_Seminar_AKUR_05.2018.pdf
Әмір, Р. С., & Әмірова, Ж. Р. (2014). Қазіргі қазақ тілі: Құрмалас сөйлемдер жүйесі. Алматы: Қазақ университеті.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Ләззат Әлімтаева (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.