Абай әлемі – тектілік пәлсапасының бастауы

Авторлар

  • Эльмира Оразалиева Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Автор https://orcid.org/0000-0002-3428-1950

DOI:

https://doi.org/10.71078/vv4arh89

Түйін сөздер:

тек, пәлсапа, құндылық, бабалар мұраты, өмірлік ұстанымдар, таным

Аңдатпа

Тектілік табиғатын зерделеу, оның халық пәлсапасына, ұғымдық кеңістігіне бойлау – бүгінгі елтанымдық ұстанымдар өрісінің еңселісі. Қазақ халқының «тек» сөзіне үлкен мағына беруі – өмір дәлелдеген ақиқат, заман қашаған шындық. Бүгінгі «генетика», «генофонд», «генетикалық код», «генетикалық ақпарат» сөздерінің ғылыми-танымдық дәйектемесі «тектілік» ұғымынан гөрі «шығу тегі», «қандық құрамы», «адамның физио-анатомиялық ерекшелігі», «гендер жиынтығы» сияқты мағыналардың тоғысынан бастау алса, «тек» сөзінің өзіне ғана тән семантикалық ой өрісі қазақ танымымен біте қайнасып, ұлттық ділі мен құндылықтарының қайталанбас шоқтығын құрайды. Қазақ үшін тек – саналы ұрпағының бастауы, өмірлік пәлсапасының арқауы, тамырлы сабақтастықтың ажырамас бірлігі. Осындай киелі бастаудан нәр ала қалыптасқан Абай шығармаларын талдау, ақынның өсу жолын зерделеу, ұлы сөз зергерінің танымдық өрісімен сабақтастықты анықтау тектілік пәлсапасының «адамтану» әлемінің құпиясымен астарласу, ішкі құндылықтарымен тоғыса өмірлік бағдарын анықтау мүмкіндіктерін өзектеуге жетелейді. Тегі мен тәрбиесі, өскен ортасы мен бойына жинаған өнегесі Абай шығармаларының өмірлік тәжірибесін таным көкжиегімен сабақтай отырып, саналы қағидаттар тізбегін саралағаны ақиқат. Бергісі Құнанбай, арғысы Өскенбай, Ырғызбай, Айдос Олжайұлы сияқты бабалар рухымен өсіп өнген Абайдың тектілігі айтулы билер мұратымен, аға сұлтан қайратымен қашалды. «... ары бар, ақылы бар, ұяты бар, ата-ананың қызынан ғапыл қалма!»-деп ақынның өзі жырлағандай, мақала аталар жолымен, бабалар мұратымен адам бойында қаланатын қасиеттер арқылы өмірлік ұстанымдар мен құндылықтар пәлсапасы өзектелетінін талдауға бағытталған.

Автор туралы мәлімет

  • Эльмира Оразалиева, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы

    академиялық қызмет жөніндегі вице-ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор

Әдебиеттер тізімі

Attila, JÓZSA. (2019) The Role of Nobility. Acta Univ. Sapientiae, European and Regional Studies, 16 (2019) 123–134. DOI: 10.2478/auseur-2019-0015 DOI: https://doi.org/10.2478/auseur-2019-0015

Абай (1995) Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Алматы: «Жазушы», 2-т.

Әлқожаев, Қ. (2007) Абай эстетикасы және Ислам. Алматы: «Ан Арыс».

Байтұрсынов, А. (1989) Шығармалары. Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. Алматы: «Жазушы».

Байтұрсынов, А. (2011) Қазақтың бас ақыны. https://abai.kz/post/6664

Бөкейхан, Ә. (2019) Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. https://abai.kz/post/12396

Жақсығалиев, Ж. (2015) Тектілік феномені (тарихи-этнографиялық пайым). https://e-history.kz/kz/history-of-kazakhstan/show/9027

Жанадилов, Ш., Биболова А.С., Ташимбетова О.Ж., Туганбаева А.Т., Бекназарова З.А. (2022) Тектілік пен тексіздіктің салыстырмалы сипаттары және қалыптасу тетіктері. // Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Педагогика. Психология. Әлеуметтану сериясы, 4 (141). DOI: https://doi org/10.32523/2616-6895-2022-14-4-119-126

Жұбанов, Қ. (1999) Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы. «Ғылым».

Қайдар, Ә. (1998) Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы: «Ана тілі».

Қайдар, Ә. (2004) Халық даналығы (қазақ мақал-мәтелдерінің түсіндірме сөздігі және зерттеу). Алматы: Тоғанай Т.

Мырзахметов, М. (2015) Абайтану – ХХІ ғасыр көгінде. https://abai.kz/post/41056

Нысанбаев, Ә. (1998) «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, VIII том.

Оразалин, Н. (2016) Шығармалар жинағы. Т. 10: Тамырлар. Арналар. Тұлғалар. Алматы: «Ан-Арыс».

Өтеген, Б. (2019) Тектілік – лингвофилософиялық парадигма. Алматы: «Қазақ университеті». https://dokumen.pub/9786010439023.html

Сыздық, Р. (2004) Абайдың сөз өрнегі. Алматы: «Арыс».

Тоқаев, Қ.-Ж. (2020) Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан. https://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/press_conferences/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-abai-zhane-hhi-gasyrdagy-kazakstan-atty-makalasy

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-21

Журналдың саны

Бөлім

Қазақ тіл білімі

Ұқсас мақалалар

11-20 тен 22

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.