Жазбаша тіл дамытуда сыни пікір қалыптастырудың лингвистикалық негізі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.71078/n8fpwm10

Түйін сөздер:

тілдік таңба, жазбаша сөйлеу, сөз, жазылым

Аңдатпа

Алғаш тілдік таңба мәселесімен көне ғасырларда әйгілі философтар Аристотель мен Демокрит айналысқан. Ертедегі грек философтар мен грамматиктерінен тәлім болып қалған екі бағыт бар. Оның біріншісі – тілдің элементтері (сөз, сөйлем) таңба болып саналуға тиіс; екіншісі осы таңбалар адамның ойымен пайымдауымен байланысты деген пікір. Кейінірек философиядағы «стоиктер» (стоицизм) мектебі де тілдегі таңба мәселесіне көңіл бөлді. Семиотиканың бір аспектісі ретінде тіл конкретті теориялық мәселе болып XVIII ғасырда бөлінді. XIX-XX ғасырларда тілдің таңбалық элементтері тарихи-салыстырмалы тіл білімі мен логикада қарастырылады. Басты философиялық бағыт ретінде бұл идея XX ғасырда барлық лингвистикалық, психологиялық, логикалық, эстетикалық ғылым салаларында ерекше орын алды.

Бұл мақалада тілдің таңбалық табиғатының философиялық және лингвистикалық негіздері қарастырылады. Ежелгі грек ойшылдары Аристотель мен Демокриттен бастап, стоиктер мектебі, Д. Локк, Ч. Пирс, Ч. Моррис және Ф. де Соссюр еңбектерінде тілдік таңба ұғымы әртүрлі бағыттарда талданған. Автор тіл таңбасының дыбыстық (таңбалаушы) және мағыналық (таңбаланушы) жақтарына тоқталып, тілдің таңбалық жүйе ретіндегі қалыптасу жолын сипаттайды. Мақала семиотика, философия және лингвистика ғылымдары арасындағы өзара байланысты айқындайды.

Әдебиеттер тізімі

Амирова, Т.А. (1985). Функциональная взаимосвязь письменного и звукового языка. Мәскеу.

Аханов, К. (1955). Қазақ тілі лексикасының мәселелері.

Балақаев, М. (1965). Қазақ тіл мәдениетінің мәселелері. Алматы.

Виннер, Н. (1958). Кибернетика общества. Мәскеу.

Гельб, И.Е. (2004). Жазуды үйрену тәжірибесі (Грамматология негіздері) (Л.С. Горбовицкая & И.М. Дунаевская, ауд.).

Зиндер, Л.Р. (1987). Очерки общей теории письма. Ленинград: Прогресс.

Қазақ Совет Энциклопедиясы (1974). Алматы.

Локк, Д. (1960). Опыт о человеческом разуме. Книга 3. Мәскеу.

Оразбаева, Ф.Ш. (2000). Тілдік қатынас теориясы және әдістемесі. Алматы.

Соссюр, Ф. (1977). Курсы общей лингвистики. Мәскеу.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-21

Журналдың саны

Бөлім

Тіл мен әдебиетті оқыту әдістемесі