Тіл үйренудегі ЖИ: артықшылықтары мен кемшіліктері
DOI:
https://doi.org/10.71078/aytybp84Түйін сөздер:
жасанды интеллект, нейрожелі, QazGPT, генерациялау, платформа, лингвистикалық модельАңдатпа
Ғылыми зерттеудің мақсаты – жасанды интеллекттің (ЖИ) тіл үйретудегі артықшылықтары мен мүмкін болатын кері әсерлерін кешенді талдау арқылы білім беру жүйесінде оның орны мен ықпалына баға беру. ЖИ-ді тіл оқыту контекстінде интеграциялаудың негізгі бағыттары: интерактивтік жаттығуларды құрастыру, сөйлесу дағдысын дамыту, автоматтандырылған түзету мен бағалау және оқыту нәтижелілігін арттыру. Идея – ЖИ құралдарын тиімді пайдалану арқылы жеке оқу траекторияларын қалыптастыру, оқу мотивациясын көтеру және тіл үйренудің қолжетімділігін арттыру.
Ғылыми және практикалық маңызы – зерттеу нәтижелері оқытушылар мен білім беру ұйымдарына ЖИ-дің сабақ үдерісіндегі қызметі мен шектеулері жөнінде нақты түсінік береді. Бұл әдістемелер қазақ тілін оқытуда қолдануға қолайлы, әрі инновациялық педагогикалық тәжірибені дамытуға ықпал етеді.
Зерттеу әдіснамасы – әдеби шолу, салыстырмалы талдау, практикалық кейс–зерттеу (Duolingo, ChatGPT, Qazaq AI, т.б.) және автордың сапалық қорытындысы. Әдістердің комбинациясы зерттеуге жүйелі құрылым мен сенімді нәтижелер алуға мүмкіндік берді.
Негізгі нәтижелер мен талдаулар: ЖИ тіл үйренудегі интерактивтілікті, уақыт үнемдеуді, жеке оқыту жолын, кері байланыс және объективті бағалауды қамтамасыз ететінін көрсетті. Алайда, адаммен тікелей қарым-қатынас тапшылығы, қате немесе жалған ақпарат таралу қаупі, шығармашылық пен сыни ойлаудың шектелуі сынды кемшіліктері анықталды.
-
Әдебиеттер тізімі
Бектұр, Т. (2023, шілде 27). «Qazaq AI» платформасы. Egemen Qazaqstan. https://egemen.kz/article/352819-qazaq-ai-platformasy
Рамазанов, Т.Б. (2022, тамыз 8). Жасанды интеллект – адам ақыл-ойының жемісі. Ана тілі. https://anatili.kazgazeta.kz/news/64005
Рольгайзер, А.А. (2022). Перспективы использования искусственного интеллекта в практике преподавания иностранного языка. В Актуальные вопросы лингводидактики и методики преподавания иностранных языков: Сб. науч. ст. по материалам XXXII Междунар. науч.-практ. конф. (с. 243–248). Чебоксары, Изд-во Чуваш. гос. пед. ун-та.
Baker, T., & Smith, L. (2019). Educ-AI-tion rebooted? Exploring the future of artificial intelligence in schools and colleges (p. 56). Nesta.
King Woon Yau, C.S., Chai, & Thomas, K.F. Chiu. (2022). A phenomenographic approach on teacher conceptions teaching Artificial Intelligence (AI) in K-12. Education and Information Technologies. https://doi.org/10.1007/s10639-022-11161-x DOI: https://doi.org/10.1007/s10639-022-11161-x
Luckin, R., Holmes, W., Griffiths, M., & Forcier, L.B. (2016). Intelligence unleashed: An argument for AI in education (p. 60). Pearson.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 А.Ш. Смаилова, С.А. Рахымберлина, Б.О. Рахимбаева (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.