Тіл үйренудегі ЖИ: артықшылықтары мен кемшіліктері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.71078/aytybp84

Түйін сөздер:

жасанды интеллект, нейрожелі, QazGPT, генерациялау, платформа, лингвистикалық модель

Аңдатпа

Ғылыми зерттеудің мақсаты – жасанды интеллекттің (ЖИ) тіл  үйретудегі артықшылықтары мен мүмкін болатын кері әсерлерін кешенді талдау арқылы білім беру жүйесінде оның орны мен ықпалына баға беру. ЖИ-ді тіл оқыту контекстінде интеграциялаудың негізгі бағыттары: интерактивтік жаттығуларды құрастыру, сөйлесу дағдысын дамыту, автоматтандырылған түзету мен бағалау және оқыту нәтижелілігін арттыру. Идея – ЖИ құралдарын тиімді пайдалану арқылы жеке оқу траекторияларын қалыптастыру, оқу мотивациясын көтеру және тіл үйренудің қолжетімділігін арттыру.

Ғылыми және практикалық маңызы – зерттеу нәтижелері оқытушылар мен білім беру ұйымдарына ЖИ-дің сабақ үдерісіндегі қызметі мен шектеулері жөнінде нақты түсінік береді. Бұл әдістемелер қазақ тілін оқытуда қолдануға қолайлы, әрі инновациялық педагогикалық тәжірибені дамытуға ықпал етеді.

Зерттеу әдіснамасы – әдеби шолу, салыстырмалы талдау, практикалық кейс–зерттеу (Duolingo, ChatGPT, Qazaq AI, т.б.) және автордың сапалық қорытындысы. Әдістердің комбинациясы зерттеуге жүйелі құрылым мен сенімді нәтижелер алуға мүмкіндік берді.

Негізгі нәтижелер мен талдаулар: ЖИ тіл үйренудегі интерактивтілікті, уақыт үнемдеуді, жеке оқыту жолын, кері байланыс және объективті бағалауды қамтамасыз ететінін көрсетті. Алайда, адаммен тікелей қарым-қатынас тапшылығы, қате немесе жалған ақпарат таралу қаупі, шығармашылық пен сыни ойлаудың шектелуі сынды кемшіліктері анықталды.

-

Автор туралы мәлімет

  • А.Ш. Смаилова, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті

    педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы

  • С.А. Рахымберлина, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті

    қауымдастырылған профессор

  • Б.О. Рахимбаева , Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті

    география ғылымдарының магистрі, аға оқытушы

Әдебиеттер тізімі

Бектұр, Т. (2023, шілде 27). «Qazaq AI» платформасы. Egemen Qazaqstan. https://egemen.kz/article/352819-qazaq-ai-platformasy

Рамазанов, Т.Б. (2022, тамыз 8). Жасанды интеллект – адам ақыл-ойының жемісі. Ана тілі. https://anatili.kazgazeta.kz/news/64005

Рольгайзер, А.А. (2022). Перспективы использования искусственного интеллекта в практике преподавания иностранного языка. В Актуальные вопросы лингводидактики и методики преподавания иностранных языков: Сб. науч. ст. по материалам XXXII Междунар. науч.-практ. конф. (с. 243–248). Чебоксары, Изд-во Чуваш. гос. пед. ун-та.

Baker, T., & Smith, L. (2019). Educ-AI-tion rebooted? Exploring the future of artificial intelligence in schools and colleges (p. 56). Nesta.

King Woon Yau, C.S., Chai, & Thomas, K.F. Chiu. (2022). A phenomenographic approach on teacher conceptions teaching Artificial Intelligence (AI) in K-12. Education and Information Technologies. https://doi.org/10.1007/s10639-022-11161-x DOI: https://doi.org/10.1007/s10639-022-11161-x

Luckin, R., Holmes, W., Griffiths, M., & Forcier, L.B. (2016). Intelligence unleashed: An argument for AI in education (p. 60). Pearson.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-10-03

Журналдың саны

Бөлім

Тіл мен әдебиетті оқыту әдістемесі

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.