Абай Құнанбайұлының «Жапырағы қуарған ескі үмітпен» өлеңінің мәні мен поэтикасы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.71078/m4yrrs58

Түйін сөздер:

поэтика, мән, ақын, Абай Құнанбайұлы, поэзия

Аңдатпа

Абай Құнанбайұлы өз шығармашылығын адамгершілік құндылықтарды, білім мен ғылымды іздеуге шақыруға, тіл қасиеті мен сөз қадірін, өнерді түсінуге және тыңдаушысына ұғындыруға арнады. Сондықтан ақынның аталмыш идеяларды сақтай отырып, өлең поэтикасынан ажырамай, шебер ұсынуы шығармашылық шеберлік сипатын айқындайды. Ақын шығармашылығының астарлы мәнін тану, зерттеу, поэтикалық қырын саралау қазіргі әдебиеттану ғылымы үшін де, жалпы ұлт мәдениеті мен философиясы үшін де өзекті. Зерттеудің мақсаты – Абай Құнанбайұлы поэзиясының мағыналық өзегі мен поэтикалық сипатын айқындау.

Мақалада Абай Құнанбайұлының «Жапырағы қуарған ескі үмітпен» өлеңінің мән-мағынасын тың көзқараспен сипаттауға және өлең поэтикасын талдауға, өлең өлшемдерінің ерекшеліктерін анықтауға, соған сай зерттеу тұжырымдарын жасауға баса назар аударылады.

Өлеңнің көркемдік көрінісінің шеңбері мен ақын тарапынан жүзеге асырылған шығармашылық ізденіс, ішкі толғаныс көріністерін бақылау, логикалық талдау және интерпретациялау, сонымен қатар поэтикалық талдау әдістері жүзеге асырылады. Зерттеудің негізгі материалы ретінде ақынның поэзиясы маңызды рөл атқарады.

Мақалада назарға алынған теориялық ақпарат пен авторлық тұжырымдар жұмыстың теориялық мәнін айқындаса, нақты өлеңге жүргізілген поэтикалық талдау үлгісі практикалық сипатын танытады.

Автор туралы мәлімет

  • А.Т. Кембаева, Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті

    PhD, «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры

Әдебиеттер тізімі

Абай тағылымы: Әдеби сын-мақалалар мен зерттеулер. (1986). Алматы. Жазушы.

Дәдебаев, Ж. (2025, қазан 14). Абайдың «Сегіз аяғы»: мән-мағына поэтикасы. https://abaialemi.kz/kz/post/view?id=965

Жирмунский, В.М. (1977). Теория литературы. Поэтика. Стилистика. Ленинград.Наука.

Каминская, Ю.В. (2025, қазан 14). Поэзия. Теории и интерпретации. Лекции ученых МГУ. https://teach-in.ru/file/synopsis/pdf/poetry-theories-and-interpretations-MKv0.pdf

Құнанбаев, Абай (Ибраһим) (2021). Таңдамалы шығармалар. Екі томдық. Бірінші том. Өлеңдер. Поэмалар / құраст. және жалпы ред. Ж. Дәдебаев. Алматы. Қазақ университеті.

Çınar, A.A., & Мағазбеков, Н. (2021). Абай поэзиясындағы ұлттық болмыс пен мінез. Keruen ғылыми журналы, 73(4), 1–9. https://doi.org/10.53871/2078-8134.2021.4-22 DOI: https://doi.org/10.53871/2078-8134.2021.4-22

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-26

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану

Ұқсас мақалалар

11-20 тен 38

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.