Абай – адам санасының реформаторы
DOI:
https://doi.org/10.71078/qwts1d55Түйін сөздер:
ойшыл, Абай, дүниетаным, реформатор, таным, ұлт санасы, адами болмысАңдатпа
Мақалада Абай ойшылдың дүниетанымы мен қазақ санасына жасаған реформаторлығы «Ғақлия» сөздері негізінде қарастырылады. Ақынның тарихи қалыптасқан санадағы танымға реформа жасағаны – тек қазақ мақалдарын сынауы ғана емес, кейде біліп, кейде білмей айтылған тұжырымдарды қайтадан ойлы көзбен, сын көзімен қарап, санаға салмақ салғаны. Абай логикалық тұрғыдан терең ойлану арқылы кей ұғымдарды, пайымдауларды, тұжырымдарды әлі де тереңдете түсу қажеттігін алға тартады. Абайдың реформаторлығы – ұлттың ойлау жүйесіне, ұлт санасына, дүниетанымдық басты негіздеріне жаңа ойлау дағдыларын жасампаздықпен енгізген жаңалықтарында. Ол ақиқатты тану мен өзіңді танудың асыл жібін танып, тауып, қарапайым әдістер арқылы оңай түсінудің жүйесін көрсетті. Шындықты түсіндіру үшін ойлаудың қарапайым әдістерін пайдаланып, «Енді құдай тағала бір антұрғанға еңбексіз мал береді екен. Бір құдайдан тілеп, адал еңбек қылып, пайда іздеген кісінің еңбегін жандырмай, қатын-баласын жөндеп асырарлық та қылмай, кедей қылады екен. Ешкімге залалсыз бір момынды ауру қылып, қор қылады екен. Қайда бір ұры, залымның денін сау қылады екен. Әке-шешесі бір екі баланың бірін есті, бірін есер қылады екен» сынды әлемнің қарапайым тілдік бейнесі арқылы қабылданған жалған ойлау қалпының бұрыстығын бірін екіншісінен шығару әдісін қолдану арқылы дәлелдейді. Формальды логиканың бұл әдісін Сократ та осылай пайдаланған еді. Сократтық әдісті пайдалану арқылы қалың елдің өзі таныған тұжырымдарының қисынды-қисынсыздығын санамен ойлап, дұрыс пен бұрыстың арасын қайта салмақтауын, ақыл таразысына салуын ұсынады. Осылайша қайта ойлау қажеттігін қалыптап, танымның сыни тұрғыдан дамуына бағыттайды.
Адамдар, көбінесе, санаға сіңген танымдық қалыптарға тәуелді. Бұл қалыпты кім, қашан енгізгені де белгісіз... әсіресе дінмен, саясатпен енген қалыптардан арылу оңай болмайды. Ал қалыпты бұзу – сыни ойлау деңгейіне жеткен жасампаз тұлғаларға тән. Абайдың жасампаздығы – осындай санада сақталған, қабылданған қалыпты бұза алғандығы, ақиқатқа жетудің дұрыс жолын меңзеп, өзін-өзі танудың оң жолын көрсетуі.
Әдебиеттер тізімі
Абай тілі сөздігі. (2011). Абай тілі сөздігі. Алматы: Өнер.
Абай энциклопедиясы. (1995). Абай энциклопедиясы. Алматы.
Абай. (1995). Екі томдық шығармалар жинағы. Өлеңдер мен аудармалар, поэмалар, қара сөздер (Т. 2). Алматы: Жазушы.
Абай. (2020a). Шығармаларының академиялық толық жинағы (1-том). Алматы.
Абай. (2020b). Шығармаларының академиялық толық жинағы (2-том). Алматы.
Абай. (2020c). Шығармаларының академиялық толық жинағы (3-том). Алматы.
Байтұрсынұлы, А. (2022). Таңдамалы шығармалары. Алматы: Қазақ университеті.
Бөкейхан, Ә. (2010). Шығармаларының 7 томдық толық жинағы. Полное собрание сочинений в 7 томах (Т. 5). Астана: Сарыарқа Баспасөз үйі.
Мырзахметов, М. (2010). Абайтану (1-том, б. 21–22).
Abai.kaznu.kz. (n.d.). Абайдың қара сөздері – рухани азық. https://abai.kaznu.kz/?p=1070
Abai.kz. (n.d.). Абайдың он үшінші қара сөзі. https://abai.kz/post/6664
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 А.Б. Салқынбай (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.