М. Қашқаридың «Диуани лұғат ит-түрк» еңбегіндегі үндестік заңының қолданысы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.71078/bacrxe29

Түйін сөздер:

үндестік заңы, Махмуд Қашқари сөздігі, түркі тілдері, орта ғасырлар ескерткіші, ерін үндестігі

Аңдатпа

Мақалада түркі тілдеріне тән, сөз құрауға негіз болатын басты заңдылық сингармонизмнің М. Қашқаридың «Диуани лұғат ит-түрк» еңбегіндегі қолданысы қарастырылады. Түркітанудағы сингармонизмнің фонологиялық қызметі туралы жасалған тұжырымдар талданады, оның басты сөз құрауыштық, просодикалық қызметі сараланады. М. Қашқаридың еңбегі арқылы сингармонизм заңының орта ғасырларда түркі халықтарының тілінде кең қолданылғанын түсінуге болады. Үндестік заңын қолданып сөйлегенде сөз айтуға ыңғайлы құралып, әуезді шығады. М. Қашқаридың еңбегін зерттеу арқылы мақалада қосымшалардың сингармонизм заңына сәйкес жалғанатындығын, осы заңның сөз құрауда сақталатындығы көрсетіледі, мысалдар келтіріледі. Сөздікті түзуде Махмуд Қашқари сөздердің неше әріптен(дыбыстан) тұратындығына мән беріп, оларды екі, үш, төрт, бес, алты, жеті әріптен тұратын сөздер деп топтастырады. Түзілген сөздерді зерделесек, сөздер бірыңғай жуан немесе жіңішке айтылатын сөздер, сонымен қатар басынан аяғына дейін ерін үндестігімен айтылатын сөздер болып табылады. Орта ғасырларда жазылған осы еңбектен бұл кезеңде үндестік заңының түркі тілдерінің табиғатын айқындайтын басты заңдылық ретінде қалыптасып, кең қолданылғандығы дәлелденеді.

Автор туралы мәлімет

  • Н.Ж. Егизбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    филология ғылымдарының кандидаты

  • С.М. Иманқұлова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    филология ғылымдарының кандидаты

Әдебиеттер тізімі

1. Жүнісбек Ә. Қазақ фонетикасы. – Алматы: Арыс, 2009. – 309 б.

2. Аламан. – Алматы: Арыс, 2002. – 234 б.

3. Айдаров Ғ., Құрышжанов Ә., Томанов М. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. – Алматы: Мектеп, 1971. – 272 б.

4. Қашқари М. Түрік сөздігі. 1-том /Аударған А. Егеубай. – Алматы: Арда+7, 2017. – 592 б.

5. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. – Алматы: Сөздік-Словарь, 1999. – 199 б.

6. Құрышжанұлы Ә. Тіл тарихы туралы зерттеулер. – Алматы, 2011. – 540 б.

7. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі / Аударған Қ. Бекетаев, Ә. Ибатов... – Алматы : Ана тілі, 1993. – 190 б.

8. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. – Алматы: Мектеп, 1988. – 263 б.

9. Сағындықұлы Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. – Алматы: Санат, 1994. – 167 б.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-09

Журналдың саны

Бөлім

Қазақ тіл білімі

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 14

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.