Тарихи жырлардағы топонимдік атаулардың қолданысы
(Қазақ тарихи жырлары негізінде)
DOI:
https://doi.org/10.71078/92s4q938Түйін сөздер:
тарихи жыр, топонимдік атаулар, этномәдени лексика, ұлттық дүниетаным.Аңдатпа
Мақалада тарихи жырлардағы топонимдік атаулардың қолданысы және олардың тарихи-мәдени мазмұны қарастырылады. Зерттеу барысында жер-су атаулары географиялық сипатына қарай оронимдер, гидронимдер және ойконимдер болып жіктеліп, олардың құрылымдық-семантикалық ерекшеліктері талданады. Алтай, Ұлытау, Қаратау, Сарыарқа, Балқаш, Алакөл, Түркістан, Бурабай, Қызылжар және т.б. топонимдердің жыр мәтініндегі қолданысы арқылы тарихи оқиғалар, халықтың мекен ету кеңістігі мен этномәдени дүниетанымы көрініс табатыны анықталды. Топонимдердің құрамындағы табиғи белгілерді білдіретін тілдік компоненттер халықтың қоршаған ортаны тану және атау ерекшеліктерін танытады. Зерттеу нәтижелері тарихи жырлардағы топонимдердің тек географиялық атау емес, тарихи жад пен ұлттық мәдени ақпаратты сақтайтын тілдік бірлік екенін көрсетеді.
Әдебиеттер тізімі
Бабалар сөзі: Жүзтомдық. 57-том: Тарихи жырлар. (2010). Фолиант.
Бабалар сөзі: Жүзтомдық. 61-том: Тарихи жырлар. (2010). Фолиант.
Қайдар, Ә. (2014). Ғылымдағы ғұмыр: Мақалалар, баяндамалар жинағы (1-том). Сардар баспа үйі.
Қойшыбаев, Е. (1985). Қазақстанның жер-су аттары сөздігі. Мектеп.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі (Т. Жанұзақов, жалпы ред.). (2008). Дайк-Пресс.
Сүймұханов, Ұ.А., & Мархабаева, А.А. (2006). Орталық Қазақстан топонимдеріндегі табиғи географиялық ерекшеліктер. География в школах и вузах Казахстана, (4), 32–34.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Л.Ә. Еспекова, Е.Е. Окасова (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.