Қарақалпақ аймағы қазақ ақын-жырауларының шығармаларындағы ұлттық және тарихи негіздер
DOI:
https://doi.org/10.71078/8xcmp740Түйін сөздер:
қарақалпақ аймағы қазақтары, ақын-жыраулар, фольклор, мұрагерлік дәстүр, ұлттық бірегейлік, эпос, тарихи негізАңдатпа
Қарақалпақстан аумағында ғасырлар бойы қоныстанған қазақ этникалық тобының рухани мұрасы отандық фольклортану мен әдебиеттануда әлі де жеткілікті зерттелмеген арналардың бірі болып қала береді. Мақаланың мақсаты – XIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қарақалпақ аймағы қазақ ақын-жырауларының шығармашылығын қалыптастырған ұлттық және тарихи негіздерді айқындау. Жұмыстың ғылыми маңызы аймақтық қазақ әдебиетін біртұтас ұлттық фольклор мен классикалық әдебиеттің ажырамас бөлігі ретінде дәйектеуінде, ал практикалық маңызы жоғары оқу орындарында аймақтық әдебиет курстарын оқытуға және мұралық мәтіндерді жүйелеуге материал беруінде. Зерттеу мәдени-тарихи, тарихи-салыстырмалы және сипаттамалы әдістерге негізделді; дереккөз ретінде аймақ ақын-жырауларының репертуары мен тақырып бойынша жарық көрген ғылыми еңбектер алынды. Нәтижесінде аймақтағы қазақ фольклоры мен әдебиетінің сақталуы мен дамуына ықпал еткен үш негізгі объективті фактор – ежелгі Хорезм өркениетінің тарихи қабаты, аймақтағы түркі халықтарының тілдік-мәдени жақындығы және олардың туыстық-достық қатынастары – сараланды. Зерттеудің құндылығы – қарақалпақ аймағы ақын-жыраулар мұрасының мұрагерлік дәстүр негізінде қалыптасқанын, олардың бір мезгілде орындаушы, таратушы әрі қайта жаңғыртушы қызметін атқарғанын дәйектеуінде. Қорытындының практикалық мәні аймақтық әдеби мұраны жинау, жариялау және оқу үдерісіне енгізу жұмыстарына нақты бағдар беруінде.
Әдебиеттер тізімі
Бердібаев, Р. (1989). Кәусар бұлақ: мақалалар мен зерттеулер (Б. Ақбұзауова, ред.). Алматы: Жазушы.
Жұмажанов, Қ. (2006). Қарақалпақ аймағындағы қазақ әдебиеті. Алматы, Арыс.
Қарақалпақстанның жаңа тарийхы: Қарақалпақстан ХІХ әсирдиң екинши ярымынан ХХІ әсирге шекем. (2003). Нөкис: Қарақалпақстан.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Т. Торткүлбаева (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.