Қатысымдық дағдыны қалыптастыратын М.Қашқари сөздігіндегі мақал-мәтелдер

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.71078/kqam7597

Түйін сөздер:

тілдік қатынас, қатысымдық дағды, сөйлесім әрекеті, жазба ескерткіштер, мақал-мәтелдер, инновациялық технологиялар

Аңдатпа

Түркі халықтарына тән ауызша және жазбаша әдебиет мұраларын бойына жинақтаған құнды мұра – жазба ескерткіштерде халықтың тұрмыс-тіршілігінен, ұлттық болмысынан, халықтың таным-түсінігінен, адамгершілік құндылықтарынан хабар беретін рухани мәдениет өзегі жинақталған. Рухани және мәдени ақпараттың негізгі сақтаушысына айналған коммуникативті оралымдардың негізгісі – мақал-мәтелдер. Кумулятивті, коммуникативті және эстетикалық қызмет аясын қамтитын мақал- мәтелдердің түркі халықтарына ортақ түрлері мағыналық топтар бойынша атақты ғұлама М.Қашқаридың «Диуани лұғат-ит-түрк» жазба ескерткішінде сақталған. Мақал- мәтелдер өздерінің табиғатына сәйкес қатысымдық қызметі арқылы оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде оқушылардың айтылым дағдысын жетілдірудегі таптырмас құралға айналады. Мақал-мәтелдер тілдік қарым-қатынастың өнімді түрі ретінде санадағы ойдың жарыққа шығу барысында ойдың анық, әсерлі, мәнерлі, эмоционалды-экспрессивті түрде айтушының сөйлеудегі белгіленген мақсатына дөп түсуіне мұрындық болады. Осыған орай, аталмыш мақалада қатысымдық дағдыны жетілдірудің тілдік қарым-қатынас аясындағы үлкен мән-маңызы қарастырылып, түркі халықтарына ортақ мұра - «Диуани лұғат-ит-түрк» сөздігінде келтірілген мақал-мәтелдер арқылы қатысымдық дағдыны жетілдіру жолдары талданды. Жүргізілген зерттеулердің негізінде автор тарапынан түркі руханиятында маңызды орын алатын М.Қашқаридың жазба ескерткішінің тіл ғылымында атқаратын рөлі сипатталып, қатысым теориясының түрлі ғалымдар негіздеген тұжырымдарын келтіру арқылы терең мағынасы ашылып, қатысымдық дағдының қазіргі қоғамдағы коммуникациялық қызметтегі өзектілігі анықталды. Сондай- ақ, жоғары сынып оқушыларына қазақ тілін оқыту үдерісінде қолданылатын дәстүрлі және заманауи оқыту технологиялары талданып, аталған әдіс-тәсілдерді М.Қашқари мақал-мәтелдерін оқыту барысында сөйлесім әрекетіне негізделген тапсырмаларға кіріктіру әдістемесі ұсынылады, заманауи технологияларды мақал-мәтелдерге қатысты айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым тапсырмалары арқылы оқыту әдістемесіне  мысалдар келтіріледі.

Автор туралы мәлімет

  • Н.Б. Нәби, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

    PhD докторант

Әдебиеттер тізімі

1. Jalpy orta bіlіm berýdіń memlekettіk jalpyǵa mіndettі standarty (Qazaqstan Respýblıkasy Bіlіm jáne ǵylym mınıstrіnіń 2018 jylǵy 31 qazandaǵy № 604 buıryǵyna 4-qosymsha) (2020.05.05. berіlgen ózgerіster men tolyqtyrýlarmen).

2. Passov E.I. Kommýnıkatıvnyı metod obýchenııa ınoıazychnomý govorenııý. - M.: Prosveenıe, 1991. - 222 s.

3. Dúısenova M.M. Sóz tіrkesterіn oqytýda qatysymdyq quzyrettіlіktі qalyptastyrýdyń ǵylymı-ádіstemelіk negіzderі: ped.ǵyl.dok. ...dıs. - Almaty, 2016. – 157 b.

4. Orazbaeva F.Sh. Tіldіk qatynas: ǵylymı monografııa. – Almaty: «An-Arys» baspasy, 2019. – 584.

5. Rahmetova R.S. Qazaq tіlі sıntaksısі: kommýnıkatıvtіk-tanymdyq aspekt. Ǵylymı monografııa. – Almaty: Abaı atyndaǵy QazUPÝ «Ulaǵat» baspasy, 2014. – 284 b.

6. Djýbanov A.H. Ý ıstokov matematızatsıı lıngvıstıcheskıh ıssledovanıı / A.H. Djýbanov // Statıstıka kazahskogo teksta. – Alma-Ata: Gylym, 1990. – S. 12-21.

7. Qasym B.Q., Orazbaeva F.Sh. Rechevaıa kommýnıkatsııa ı metody obýchenııa ıazyký //

Vestnık Moskovskogo ýnıversıteta. Teorııa perevoda. - 2013. - №4 (22). – S. 92-96.

8. Qashqarı M. Túrіk tіlіnіń sózdіgі: (Dıýanı luǵat-ıt-túrk): 3 tomdyq shyǵarmalar jınaǵy / Qazaq tіlіne aýdarǵan, alǵy sózі men ǵylymı túsіnіkterіn jazǵan A.Egeýbaı. – Almaty, Hant. – 528 b.

9. Üstüner, A., Kutadgu Bilig’de Atasözleri. Fırat Üniversitesi Sosyal Bilimler Dergisi, 5 (1), 1991– 393.

10. Alashbaeva J.N. Orta ǵasyr túrkі jazba eskertkіshterі tіlіndegі paremıologııalyq júıe: fılos.ǵyl.dok. ...dıs. – Nur-Sultan, 2021. – 155 b.

11. Orazbaeva F.Sh., Rahmetova R.S. Qazaq tіlіn oqytý ádіstemesі: Oqý quraly. – Almaty: Print-S, 2005. – 170 b.

12. Sysoev P.V. Informatsıonno-kommýnıkatsıonnye tehnologıı v lıngvıstıcheskom obrazovanıı. - M. : Lıbrokom, 2013. - 262 s.

13. Qazaq tіlі: jalpy bіlіm beretіn mekteptіń 11-synybynyń qoǵamdyq-gýmanıtarlyq baǵytyna arnalǵan oqýlyq. / T.N.Ermekova, G.M.Naımanbaeva, B.M.Naımanbaeva. – Nur-Sultan: «Arman-PV», 2020. – 304 b.

14. Baker T., Smith L. Educ-AI-tion rebooted? Exploring the future of artificial intelligence in schools and colleges // Retrieved from Nesta Foundation website. – 2019. P. 115-125. doi: d01f96c020e0b1f72df9a55c93fd7672001a8e91

15. Make Beliefs Comix. [Elektrondyq resýrs] - URL: https://www.makebeliefscomix.com/ (júgіngen kúnі: 27.04.2024).

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-09

Журналдың саны

Бөлім

Тіл мен әдебиетті оқыту әдістемесі

Ұқсас мақалалар

11-18 тен 18

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.