Профессор Қ. Жұбановтың морфологияға қатысты көзқарастары
DOI:
https://doi.org/10.71078/9jg4hj07Түйін сөздер:
тіл білімі, грамматика, морфология, сөз тұлғасы, түбір сөз, қосымшалы сөз, синтаксис, сөйлем мүшелеріАңдатпа
Мақалада қазақ тіл білімінің іргетасын бекітушілердің көшбасшы, таланты түрколог Құдайбереген Қуанұлының еңбектеріндегі грамматикаға қатысты ғылыми ойларына талдау жасалған. Грамматикалық категориялардың тілдік қызметтері, анықтамалары мен терминдерінің ерекшеліктері және олардың басқа оқулықтарда берілуі арасындағы өзгешеліктері жөнінде де баяндалған.
Морфологияда сөз таптастыру басты мәселелердің бірі болса, сөз таптастырудың теориялық қағидаларын қалыптастыруда ғалымның еңбектерінде айтылған ойлардың қазіргі ұстанымдармен сәйкес келетіндігі айтылған. «Қазақ тілі грамматикасы» еңбегінде берілген тіл білімі терминдері грамматикалық категориялардың анықтамалары мен теориялық сипаттамасын беруде қазіргі ғылыми оқулықтарда әлі күнге қолданылып келе жатқаны, грамматика ғылым, сөз тұлғасы, сөз бен ой, сөйлем және сөйлем мүшелері, өлі түбір, қосар сөз, туынды негіз, т.б. терминдерді кәдеге жаратып, оларды жаңа мазмұнда сипаттап, ғылыми талдау жасағаны туралы деректер келтірілген. Қазіргі ғылыми оқу құралдарындағы
«жұрнақ» терминін «үстеу» деген атаумен не үшін алғанын ғылыми тұрғыда дәлелдеп, оған нақты мысалдар келтіргені, сөздерді сыртқы тұлғасының ерекшеліктеріне қарай алты түрге бөлгені де назардан тыс қалмаған. Тіл білімінің морфология саласындағы ғылыми категориялардың теориялық ерекшеліктерін, оның терминдерімен байланысына жан-жақты талдау жасап, кейінгі оқулықтарда морфологияға қатысты категорияларды танып-білуге, олардың анықтамаларын жасауға ғылыми тұрғыда негіз болғаны туралы түсінік берілген.
Әдебиеттер тізімі
Абишева, К.М., & Омарова, С.К. (2019). Тіл ғылымының зерттелу тарихы: монография. Астана: «TAU» University.
Алдашев, Н.М. (2019). Профессор Қ. Жұбанов және сөзжасам жұрнақтары. Ұлы дала тұлғалары: Жұбановтар тағылымы және жазу реформасы халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Алматы: «Қазақ кітабы».
Баданбекқызы, З. (2010). Ағылшын және қазақ тілдерінің салғастырмалы грамматикасы. Алматы: «Бастау».
Жаңабекова, А.Ә. (2019). Профессор Қ.Жұбанов еңбектеріндегі грамматика мәселелері. Ұлы дала тұлғалары: Жұбановтар тағылымы және жазу реформасы халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Алматы: «Қазақ кітабы».
Жұбанов, Қ. (2019). Шығармаларының толық жинағы. Ақтөбе: «Жұбанов университеті».
Иманғазина, А.Ә. (2017). Құдайберген Жұбанов және қазақ тіл білімі мәселелері. Жұбанов тағылымы – IX дәстүрлі халықаралық ғылыми конференция материалдары жинағы. Ақтөбе: Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе ӨМУ.
Малбақов, М. (ред.). (2013). Құдайберген Жұбанов. Ұлы дала тұлғалары сериясы. Алматы: «Шафран» ЖШС.
Мұхтаров, С. (2004). Қ. Жұбанов сөз таптары туралы. Жұбанов тағылымы – IV республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Ақтөбе.
Омарова, А.Қ. (1999). Профессор Құдайберген Жұбановтың етістік туралы ғылыми еңбегі, оның ғылымның дамуына ықпалы (Кандидаттық диссертация). Алматы.
Садуақас, Н.А. (2021). Қ.Қ. Жұбановтың жинаққа енбеген мақалалары. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Хабаршысы, 1 (63).
Фромкин, В., Родман, Р., & Хайамс, Н. (2018). Тіл біліміне кіріспе. Алматы: Ұлттық аударма бюросы.
Хасанұлы, Б. (2014). Қ.Жұбанов пайымдауларының XXI ғасыр тілтаным парадигмаларымен ұштасуы. Жұбанов тағылымы – VIII: Қазақстан түркі өркениеті тоғысында дәстүрлі халықаралық ғылыми конференция материалдары. Ақтөбе: Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе ӨМУ.
Ысқақов, А. (1991). Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Н.А. Садуакас, М.О. Миров (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.