«Тірі білім» ілімі: Абай және Ақымет Байтұрсынұлы тұжырымдарының әлем ойшылдары қағидаларымен сабақтастығы
DOI:
https://doi.org/10.71078/986gh958Түйін сөздер:
тірі білім, іргелі ғылым, заманауи білім беру, дүниетанымАңдатпа
Бұл мақалада Абай мен Ахмет Байтұрсынұлының «тірі білім» іліміне қатысты ой-тұжырымдары талданып, олардың әлемдік философиялық дәстүрдегі білім табиғаты жөніндегі тұжырымдамалармен астасу арналары анықталады. Зерттеуде «тірі білім» феноменінің адам тәжірибесіне, рухани толысуға және тұлғалық кемелденуге негізделген көне іргелі теориялармен сабақтастығы кешенді түрде қарастырылады. Мақалада Абайдың рухани-интеллектуалдық жетілуді білімнің басты мақсаты ретінде қарастыруы мен Байтұрсынұлының білімді ұлттық сананы қалыптастырушы әлеуметтік-моральдық күш ретінде пайымдауы салыстырмалы талдау негізінде ашылады. Авторлар олардың көзқарастарынан универсалистік философиялық принциптер мен мәдени-өркениеттік үндестіктерді айқындап, «тірі білімнің» мәнін кең контексте түсіндіреді. Сонымен бірге, Абай мен Байтұрсынұлы идеяларының заманауи білім беру жүйесіндегі тұлғалық даму, құндылыққа бағдарланған оқыту және сыни-шығармашылық танымды дамыту сияқты өзекті мәселелерді шешудегі әлеуеті негізделеді. Зерттеу нәтижелері «тірі білім» концепциясының қазіргі педагогикалық дискурс үшін де өзектілігін көрсетеді.
Әдебиеттер тізімі
Байтұрсынұлы, А. (2013). Алты томдық шығармалар жинағы: Мақалалар, хаттар, А. Байтұрсынұлы туралы құжаттар мен материалдар. Елшежіре.
Абай. (2024). Қарасөздер. Атамұра.
Шпет, Г. Г. (2005). Мысль и слово. Избранные труды (Т. Г. Щедрина, ред.). РОССПЭН.
Полани, М. (2015). Личностное знание (М. Б. Гнедовский, Н. М. Смирнова, & Б. А. Старостин, ауд.). Прогресс.
Лютер, М. (2021). Избранные произведения. Издательство Андреев и согласие.
Фихте, И. Г. (1993). Сочинения в двух томах. Т. 1. Основа общего наукоучения. Мифрил.
Иүгінеки, А. (2006). Ақиқат сыйы. Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы (10-т.,). Фолиант.
Сократ. (2023). Я ничего не знаю (А. Марков, құр., алғ. және коммент.; В. Карпов, С. Соболевский & М. Соловьев, ауд.). АСТ.
Коменский, Я. А. (2020). Ұлы дидактика. Мектеп.
Пигров, К. С. (2002). Образование как космическое событие. Symposium: Философия образования (23-шi шығарылым). Санкт-Петербургское философское общество.
Шилин, К. И., & Ларина, А. П. (2022). Живое знание. Часть I: Живая психология Востока.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Ж.Т. Дәулетбекова, Қ.М. Рай (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.