Думан Рамазан әңгімелеріндегі сюжет поэтикасы
Поэтика сюжета в рассказах Думана Рамазана
DOI:
https://doi.org/10.71078/mnn84k13Түйін сөздер:
әңгіме, сюжет, композиция, авторлық позиция, кейіпкер, идея, поэтика.Аңдатпа
Мақалада Думан Рамазан әңгімелерінің негізгі идеясы, құрылымдық ерекшелігі, композициялық шешімдері мен авторлық стильдің өзара байланысы кешенді түрде қарастырылады. Зерттеу барысында жазушы прозасындағы сюжет поэтикасының көркемдік жүйедегі орны айқындалып, кейіпкерлер психологиясын ашудағы сюжеттің рөлі жан-жақты талданады. Автор әңгімелерінде сыртқы оқиға желісінен гөрі ішкі психологиялық қозғалыс, кейіпкердің жан дүниесіндегі қайшылықтар мен рухани толғаныстар негізгі орын алатыны анықталады.
Сонымен қатар «Алланың әмірі», «Соңғы дем», «Көкжал» шығармалары негізінде сюжеттік даму логикасы, тартыс жүйесінің қалыптасуы, символдық және мифтік қабаттардың қызметі, психологиялық параллелизм мен көркем детальдардың мағына түзудегі рөлі сараланады. Әңгімелердегі финалдық шешімдердің ашық немесе тұспалды берілуі оқырманға ой салу, интерпретациялық кеңістік қалыптастыру мақсатын көздейтіні көрсетіледі.
Зерттеу нәтижесінде Думан Рамазан прозасының басты ерекшелігі – дәстүрлі баяндау тәсілдерін заманауи көркемдік ізденістермен ұштастыра отырып, ұлттық дүниетаным мен адам болмысының терең психологиялық қырларын шебер бейнелеуінде екені тұжырымдалады.
Әдебиеттер тізімі
Орда, Г. Ж. (2017). Қазіргі қазақ әдебиеті: даму үрдістері, есімдер мен оқиғалар: ұжымдық монография. Алматы: Print Express.
Құлбарақ, С. (2023). Әдеби сын. Алматы: Абай ғылыми-зерттеу институты.
Рамазан, Д. (2008). Алланың әмірі: әңгімелер. Алматы: Жазушы.
Рамазан, Д. (n.d.). Соңғы дем [Электронды ресурс https://disk.yandex.com/i/Qx86M7jtp2nG7w]
Рамазан, Д. (2011). Жылап аққан тамшылар: әңгімелер. Алматы: ҚазАқпарат.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 А.Ж. Орынбаева, Б.Ш. Құралқанова (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.