Етістік негізді сөз тудырушы тұлғалардың этимологиясы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.71078/d5a9re23

Түйін сөздер:

есімше тұлғалары, түбір, семантикалық өзгерістер, морфологиялық ерекшеліктер, түркі тілдері, шақтық мағына, диалектілік ерекшелік

Аңдатпа

Бұл мақалада түркі тілдеріндегі -ар, -ер, -ыр, -ір есімше тұлғаларының тарихи қалыптасуы, мағыналық және қызметтік ерекшеліктері, сондай-ақ этимологиясы қарастырылады. Түркі тілдеріндегі аталған қосымшалардың қолданысы, фонетикалық өзгерістері мен семантикалық даму үдерісі жан-жақты талданады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, бұл тұлғалар тек шақтық мағына ғана емес, заттың сапалық белгісін де білдірген. Сонымен қатар, есімше тұлғаларының қазіргі түркі тілдеріндегі морфологиялық ерекшеліктері мен олардың сөйлем құрылымындағы орны талданады. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйене отырып, бұл тұлғалардың көне түркі тіліндегі бастапқы мәні мен қазіргі түркі тілдеріндегі беретін мағыналары салыстырылады. Зерттеу барысында тарихи-салыстырмалы әдіс қолданылып, есімше қосымшаларының грамматикалық қызметіне терең талдау жасалады. Сондай-ақ, мақалада қосымшалардың түркі тілдерінің диалектілік ерекшеліктерімен байланысы қарастырылып, олардың даму заңдылықтарына шолу жасалады. Есімше тұлғаларының қолданыс аясы ауызекі сөйлеу тілінде, халық ауыз әдебиетінде және жазба әдебиетте де сараланып көрсетіледі.

Автор туралы мәлімет

  • С.Қ. Асанова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    магистрант

  • Қ.Т. Мұхамади, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Әдебиеттер тізімі

Баскаков, Н. (1997). Историкотипологическая морфология тюркских языков.

Дмитриев, Н. (1940). Грамматика кумыкского языка. М.-Л.: Изд-во АН СССР.

Исхаков, Ф., Пальмбах, А. (1961). Грамматика тувинского языка. Фонетика и морфология. М.: Издательство восточной литературы.

Поцелуевский, А. (1946). Проблемы стадиально-сравнительной грамматики тюркских языков. Ашхабад.

Сағындықұлы, Б. (1994). Қазақ тілі лексикасы дамуының фонологиялық заңдылықтары. Докторлық диссертация. Алматы.

Серебренников, Б., Гаджиева, Н. (1986). Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков.

Төлеуов, Ә. (1975). Қазақ тіліндегі есім категориясы. Алматы.

Хасенова, А. (1971). Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты. Алматы.

Щербак, А. (1981). Очерки по сравнительной морфологии тюркских языков: глагол. М-Л.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-21

Журналдың саны

Бөлім

Қазақ тіл білімі

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 29

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.