Г. Бельгер романдарын талдаудың инновациялық әдістері
DOI:
https://doi.org/10.71078/rb609s11Түйін сөздер:
Г.Бельгер, «Дом скитальца» романы, «Тұйық су» романы, стратегиялар, архетип, толеранттылық, әдістемелік техника, білім беру анализі, интерактивті әдістерАңдатпа
Мақалада Г. Бельгер романдарын қазіргі әдебиеттану мен білім беру үдерісі тұрғысынан талдаудың инновациялық әдістері қарастырылады. Жазушы шығармаларының көркемдік-эстетикалық, ұлттық-мәдени және тілдік ерекшеліктерін ашуда цифрлық білім беру технологиялары, интерактивті оқыту тәсілдері, сыни ойлау стратегиялары, кейс-талдау, жобалық оқыту және визуалды модельдеу әдістерінің тиімділігі сараланады. Сонымен қатар Г. Бельгер прозасын жоғары оқу орындарында оқыту барысында студенттердің аналитикалық, интерпретациялық және зерттеушілік құзыреттерін қалыптастырудағы инновациялық әдістердің мүмкіндіктері айқындалады. Зерттеу барысында салыстырмалы талдау, герменевтикалық, интерпретациялық және мәтіндік талдау әдістері қолданылды. Нәтижесінде Г. Бельгер романдарын оқыту мен талдаудың жаңа ғылыми-әдістемелік үлгісі ұсынылып, оның әдеби білім берудің сапасын арттырудағы маңызы негізделеді. Бұл мақалада біз қазіргі заманғы білім беру жүйесінде инновациялық әдістерді қолданудың қаншалықты маңызды екендігін көрсетуге тырысамыз. Инновациялық оқыту - бұл жеке көзқарасты, білім, білік және дағдылардың беріктігін қамтитын білім беру жүйесіндегі жаңа тәсіл.
Г. Бельгер романдарын талдауда инновациялық әдістерді қолдану студенттердің жазушы романдарындағы кодтар жүйесі туралы терең ойларын қалыптастырады.
Әдебиеттер тізімі
Беспалько, В.П. (1989). Слагаемые педагогической технологии. Педагогика.
Выготский, Л.С. (2004). Психология развития ребенка. Эксмо.
Гачев, Г.Д. (1999). Национальные образы мира. Институт Дик-Дик.
Давыдов, В.В. (1986). Проблемы развивающего обучения. Педагогика.
Доманский, В.А. (2002). Литература и культура: Культурологический подход к изучению словесности в школе. Флинта, Наука.
Леонтьев, А.Н. (1983). Избранные психологические произведения (Т. 1). Педагогика.
Сатаров, Н.Е. (2007). Г. Бельгердің орыс тілді дискурсындағы «Ел» («Отан») тұжырымдамасын түсіндіру. Фольклорлық дәстүр және әдеби процесс: Багызбаева М. М.-ның 75 жылдығына арналған ғылыми конференция материалдары. Қазақ университеті.
Сұлтанов, Қ.Қ. (2007). Этнонациональная идентичность и межкультурный диалог в литературе. Ғылым.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Гульназ Ерболқызы Еңсебай (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.