ХХ ғасырдың басында қазақ тіліндегі математика ғылымының қалыптасып, дамуы
DOI:
https://doi.org/10.71078/kpt47t16Түйін сөздер:
Қаныш Сәтбаев, терминология, терминжасам, қазақ тілі, «Алгебра» оқулығы, ғылыми стиль, Алаш зиялыларыАңдатпа
Мақалада көрнекті ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың қазақ тілінде математикалық терминдер жасаудағы ұстанымдары қарастырылады. Авторлар Сәтбаевтың «Алгебра» оқулығына сүйене отырып, терминжасамдағы әдіс-тәсілдерін, қазақ тілінің сөзжасамдық мүмкіндіктерін пайдаланудағы ерекшеліктерін талдайды. Ғалымның терминдерді ұлттық дүниетанымға жақындатуы, қазақ тұрмысына тән ұғымдар арқылы түсіндіруі, сондай-ақ халықаралық терминдерді қазақ тілінің дыбыстық заңдылығына бейімдеуі айқындалады. Мақалада Сәтбаевтың терминологиялық ұстанымдары Алаш зиялыларының қағидаларымен сабақтастырыла қарастырылады. Зерттеу нәтижесінде Қ. Сәтбаевтың терминология саласына қосқан үлесі қазақ әдеби тілінің функционалды стильдерінің дамуына, ғылыми стильдің қалыптасуына ықпал еткені тұжырымдалады.
Әдебиеттер тізімі
Абай (Ибраһим Құнанбаев). (2008). Өлең – сөздің патшасы. Алматы.
Қаныш аға. Естеліктер. (1989). Алматы: Жазушы.
Нұрпейісов, К. (1999). Ахмет Байтұрсынұлы – аса ірі қоғам және мемлекет қайраткері. Ұлттық рухтың ұлы тіні. Алматы: Ғылым.
Орталық мемлекеттік мұрағат. (б.ж.). 81-қор, 1-тізім, 285-іс, 18-байлам.
Сәтбаев, Қ. (2009). Алгебра: оқу құралы. Астана.
Қыр баласы. (1925). Пійзійкелік жағырапыйа. Еңбекші қазақ, №320.
Жолдыбаев, М. (1926). Қазақ тілін байытамыз. Еңбекші қазақ, 12.VІІІ.
Дулатов, М. (1922). Ахмет Байтурсынович Байтурсынов. Труды Общества изучения Киргизского края, Вып. 3. Оренбург.
Құрманбайұлы, Ш. (2014). Терминологияның ғылыми негіздері. Алматы, Қазақ университеті.
Құрманбайұлы, Ш. (2010). Қазақ терминологиясы: қалыптасу, даму жолдары. Алматы, Сөздік-Словарь.
Құрманбайұлы, Ш. (2012). Алаш зиялылары және терминология. Алматы, Абзал-Ай.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Орынай Жұбай, Алмас Үдербаев (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.