"Мен не болсам, болайын саған садақа..."

Авторлар

  • Қ. Әбдезұлы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Автор

DOI:

https://doi.org/10.71078/dwv2tm93

Түйін сөздер:

Алаш қозғалысы, Мағжан Жұмабаев, ұлт болашағы, Оян, қазақ!, Бақытсыз Жамал

Аңдатпа

Мақалада Алаш қозғалысының көрнекті өкілдері, қазақ әдебиетінің ұлы тұлғалары Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатұлы және Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығына арналған маңызды ойлар мен тұжырымдар ұсынылған. Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері арқылы Алаш идеологиясының негіздері мен ақынның ұлт болашағына деген сенімін, сондай-ақ оның шығармашылық мұрасының рухани құндылығын көрсеткен. Әуезовтің Алаш арыстарына деген ықыласымен байланысты, ол Міржақып Дулатұлы мен Жүсіпбек Аймауытұлының шығармашылығын жоғары бағалағанын атап өту маңызды. Мақалада Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ!» өлеңі мен «Бақытсыз Жамал» романының қазақ әдебиетіне қосқан зор үлесі мен оның прозасындағы ұлттық мәселелерге арналып жазылған тақырыптар терең талданып, Алаш әдебиетінің дамуына қосқан үлесі көрсетілген. Мақалада сондай-ақ Міржақып Дулатұлының әдеби мұрасының қазіргі заманғы зерттеушілер мен әдебиетшілер тарапынан бағалануы, сондай-ақ қазақ әйелінің тағдырына арналған шығармаларының маңыздылығы сөз болады.

Автор туралы мәлімет

  • Қ. Әбдезұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    филология ғылымдарының докторы

Әдебиеттер тізімі

-

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-26

Журналдың саны

Бөлім

Тұлғатану

Ұқсас мақалалар

21-30 тен 68

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.