Цифрлық коммуникация кеңістігіндегі копирайтинг пен спичрайтингтің лингвистикалық ерекшеліктері
DOI:
https://doi.org/10.71078/zb72ex67Түйін сөздер:
копирайтинг, спичрайтинг, мәтін, дискурс, медиа мәтін, цифрлық коммуникацияАңдатпа
Қазіргі ақпараттық қоғамда коммуникацияның негізгі бөлігі цифрлық орта арқылы жүзеге асады. Әлеуметтік желілердің, интернет-платформалардың және бұқаралық ақпарат құралдарының қарқынды дамуы мәтіннің қоғамдық санаға ықпал ету мүмкіндігін арттырды. Осыған байланысты копирайтинг пен спичрайтинг қазіргі қолданбалы тіл білімінің өзекті бағыттарының бірі ретінде қалыптасып отыр. Копирайтинг жарнамалық және ақпараттық мәтіндерді әзірлеуге бағытталса, спичрайтинг қоғамдық тұлғалардың сөздерін, баяндамаларын және коммуникациялық стратегияларын дайындаумен ерекшеленеді. Екі бағыттың да негізгі мақсаты – аудиторияға әсер ету, ақпаратты тиімді жеткізу және белгілі бір коммуникативтік нәтижеге қол жеткізу.
Мақалада копирайтинг пен спичрайтингтің қалыптасу тарихы, теориялық негіздері, мәтін мен дискурс ұғымдарының өзара байланысы, медиа мәтіннің ерекшеліктері және цифрлық коммуникациядағы қызметі қарастырылады. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде жарияланатын жарнама мәтіндерінің құрылымдық, стилистикалық және прагматикалық ерекшеліктері талданады. Зерттеу барысында сипаттамалық, салыстырмалы және контент-талдау әдістері қолданылды. Копирайтинг мәтіндерінде кең таралған AIDA, PAS, FAB және BAB формулаларының коммуникациялық тиімділігі бағаланды.
Әдебиеттер тізімі
Гальперин, И.Р. (1981). Текст как объект лингвистического исследования. Наука.
Добросклонская, Т. Г. (2020). Медиалингвистика. Флинта.
Жұбанов, А. (2008). Қолданбалы лингвистика пәні және оның негізгі бағыт-бағдары.
Жұбанов, Қ. (1999). Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Ғылым.
Кубрякова, Е.С. (2004). Язык и знание. Языки славянской культуры.
Күдеринова, Қ.Б., & Мамырбек, Г.М. (2017). «Қазақ» газетіндегі жарнама мәтіндерінің құрылымы. Қазақ тілі мен әдебиеті, (4).
Қолданбалы қазақ тіл білімі: Оқу құралы. (2019). Қазақ университеті.
Момынова, Б. (2015). Қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттар. Қазақ университеті.
Рысберген, Қ. (2018). Қазақ тіліндегі жарнамаларды жетілдірудің жолдары. Тілтаным, (2).
Alvarez, M. (2018). Copywriting essentials. Routledge.
Handley, A. (2022). Everybody writes: Your go-to guide to creating ridiculously good content (2nd ed.). Wiley.
Lewis, E. S. (1898). Advertising principles and practice.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 М. Xамитова (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.