Профессор Темірбек Қожакеев және алаштану

Авторлар

  • Қ. Әбдезұлы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Автор

DOI:

https://doi.org/10.71078/y9btgy13

Түйін сөздер:

Темірбек Қожакеев, алаштану, Алаш қозғалысы, Нәзір Төреқұлов, қазақ әдебиетінің тарихы, ұлттық зиялылар, архивтік мұра, әдебиеттану, тарихи жады, ұлттық руханият

Аңдатпа

Мақалада көрнекті әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Темірбек Қожакеевтің алаштану ғылымының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі қарастырылады. Мақаланың мақсаты – ғалымның ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының әдеби, мәдени және қоғамдық-саяси мұрасын зерттеудегі қызметін бағамдау, оның тарихи тұлғалардың шығармашылық мұрасын ғылыми айналымға енгізудегі еңбегінің маңызын айқындау. Негізгі назар кеңестік кезеңде есімдері мен еңбектері ұзақ уақыт бойы зерттеуден шеттетілген Алаш қайраткерлерінің мұрасын қайта жаңғырту мәселесіне аударылады. Профессор Темірбек Қожакеевтің архив материалдары мен ХХ ғасырдың 20–30-жылдарындағы мерзімді басылымдар негізінде жүргізген ізденістері, әсіресе Нәзір Төреқұловтың әдеби, ғылыми және мәдени қызметін зерттеудегі еңбегі сипатталады. Ғалымның «Жыл құстары», «Көк сеңгірлер», «Сара сөздің сардарлары» атты еңбектерінің алаштану тарихындағы орны көрсетіледі. Сонымен қатар Ахмет Байтұрсынұлы мен Телжан Шонанұлының бірлескен оқулық-хрестоматиясын, Алаш зиялыларының әдеби мұрасын зерттеу мен насихаттаудағы қызметі сараланады. Мақалада Темірбек Қожакеевтің ғылыми ізденістері кеңестік идеологиялық шектеулер жағдайында ұлттық әдебиет пен мәдениет тарихының көмескіленген тұстарын қалпына келтіруге бағытталғаны атап өтіледі. Ғалымның ұстаздық қызметі мен қазақ журналистикасы мамандарын даярлаудағы еңбегі де назардан тыс қалмайды. Нәтижесінде профессор Темірбек Қожакеевтің алаштану және Нәзір Төреқұлов мұрасын зерттеу бағыттарының дамуына елеулі үлес қосқан ғалым екендігі тұжырымдалады. Мақаланың ғылыми-танымдық маңызы Алаш мұрасын тарихи тұрғыдан бағалау және ұлттық рухани құндылықтардың сабақтастығын танытумен анықталады.

Автор туралы мәлімет

  • Қ. Әбдезұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    филология ғылымдарының докторы

Әдебиеттер тізімі

-

Жүктеулер

Жарияланды

2026-10-20 - 2026-10-20 жаңартылды

Нұсқалар

Журналдың саны

Бөлім

Тұлғатану

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 113

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.